Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст


газет бетінде басылан рецензиялар мен маалаларда



Pdf көрінісі
бет53/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

газет бетінде басылан рецензиялар мен маалаларда 
Әмірені әншілігі, оны асан шебер орындауы жайында
кемінде жздеген жерде аты аталады. 
«...Әміренің әнінде ақындық тазалықтың шам-шырағы 
жанғандай, жүректі тербетіп қуантатын аспандаған қуаныш
белгісі мен балалық жарастығы бар. Әміренің ән ырғағынан 
жанын салған шыншылдығы көрінеді. Жүрегінің түкпірінде 
жалтылдап жанған өнер оты сезіледі. Сондықтан қазақтың 
қай түкпіріндегі қай ауылдың адамы болса да, кәрі-жасы, 
әйел-еркегіне қарамай, түгелімен Әміренің әнін сахнадан 
сүйсіне тыңдайды. Қалың халық тыңдаушысы мақтаған 
өнерші. Совет қоғамы жұртшылық өнерін таныған, 
қабылдаған өнерші. Әміре – соңында көптеген мақтаушысы 
мен қолдаушысы бар халықтың ең сүйікті әншісі».(М.Әуезов)
Жаңадан құралған жас театрға халық әншілері мен халық 
өнерпаздары шақырылып, қазақтың актер кадрларына 
қамқорлық жасалады. Бұрын ойын-сауықтарда өнерлерін 
әрқайсысы әр жерде көрсетіп келген халық өнерпаздары 
театр сахнасында тоғысып, жас театр бір жылдың ішінде 
өзінің мол келешегі, оралымды өнері барлығын танытады. 
Желпініп үзілмей соққан сар даланың желіндей Иса 
ақындығымен, Әміре әншілігімен, Қалыбек күлдіргіш-қуақы 
ойынпаздығымен, Серке, Елубай, Құрманбектер алуан түрдегі 
өнерімен театр көркемөнерінің іргесін қалап, репертуары 


208
аз, оқыған кадрлардың жеткіліксіздігіне қарамай, 
негізінде халық қазынасына сүйене отырып, қазақ совет 
көркемөнерінің іргесін қалайды. Сол қаласушыларының 
бірі - Әміре Қашаубаев. Ол 1927 жылы Германияның Майн-
Франкфурт қаласында болған дүние жүзі өнерпаздар 
жарысына екінші рет қатынасады. Сол жылы Мемлекеттік 
музыка ғылыми институтының этнография секциясының 
шақыруымен Әміре бастаған бір топ әнші-әртістер халық 
әндерін таныстыру ретінде Мәскеуде концерт береді.
Мемлекеттік музыка ғылыми институтының этнография 
секциясы Әміре бастаған қазақ әншілерінің концертіне 
берген бағасында:
«Сіздер көркем орындауларыңыз арқылы қазақ халқының 
халық әндерімен біздерді қатты сүйсіндірдіңіздер. Орыстың 
этнографиялық музыка қызметкерлері халық музыкасы 
шығармашылығының үлгілерін барлық жағынан зерттеп, 
қазақтың халық әндерімен шұғылдануына сіздердің берген 
концерттеріңіз байланыс жасаудың алғашқы қадамы болды.
Біздерді қазақ халқының ән-күй байлығымен танысуымызға, 
онымен қатар, қазақтың ән-күй фольклоры ғылыми зерттеу 
мәселесін дұрыс жолға қоюда бұл байланыстың маңызы өте 
зор. Этнографиялық секциямызға қатынасушы қазақтың 
халық әншілері Ғаппас Айтбаевқа, Қали Байжановқа, 
әншілік дарынымен қазақ әндерінің сұлулық қасиетін шебер 
жеткізген, әсіресе, Әміре Қашаубаевқа, Иса Байзақовқа, 
Құрманбек Жандарбековке, Дәлилә Оңғарбаеваға, Елубай 
Өмірзақовқа, Қалыбек Қуанышбаевқа бұл игілікті істі 
ұйымдастыруға себепші болған Қазақстанның халық әртісі 
А. В. Затаевичке шын жүректен алғыс айтамыз», - деді. 
Театрдың жазғы маусымдарында Әміре бастаған 
концерттік бригада Қарсақбай, Екібастұз, Қызылорданың 
сексеуіл базы және басқа Қазақстанның өндіріс 
орындарындағы жұмысшылар арасында концерт береді. 
1928 жылы Қарсақбайдың шахтерлері Әміренің әндеріне 
сүйсінгендіктері сонша, «театрдың әнші – әртістері
оның ішінде Әміре келіп, өздерінің шебер орындайтын 
әншілерімен бізді қатты қуантты. Бұдан былай да келіп 
тұруын сұраймыз» деген тілектерін білдіреді. 1929 – 1930 
жылдары Түрксіб жолын салушы жұмысшылар арасында да 


209
Әміре өз алдына жеке концерттер өткізеді. Колхоздастыру 
кезінде колхозшылар арасында болады. 1933 жылы 
Қазақстан Халық комиссарлары Советінің қаулысымен 
Музыка театрының студиясын ұйымдастырғанда әнші Әміре 
студияның қарамағына беріліп, «Айман – Шолпанда» ақын 
рөлін ойнайды. Біздің білуімізше, 1933 – 1934 жылдары 
халық әншісі Әміренің тұрмыс халінің төмендеген кезі, оған 
себеп Халық ағарту комиссариаты және театр басшылығында 
болған халық жаулары мен ұлтшылдар түрі ұлттық, 
мазмұны социалистік көркемөнеріміздің дамуына кедергі 
жасаған және оның кадрларын ыдыратып, тұрмыс халіне 
жауапсыз қараған зиянкестері де болды. Әміре 1934 жылы 
қайтыс болды. Көркемөнер мен мәдениетіміздің балалық 
шағында халықтың ән-күй мұрасының туын жоғары ұстап, 
кейінгі ұрпаққа өшпестей үлгі қалдырған Әміренің әншілік 
талантын бүгінгі ұрпақ жоғары бағалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет