§ 3
Тов. Кашаубаеву К. Зачислить в штат в качестве
артистки КазГосХор с 24 июня 1950 г. с окладом 790 руб. в
месяц.
Директор
И.
Есенберлин.
321
Хасен ОЖА-АХМЕТ,
композитор, Ыылас атындаы халы музыкалы
аспаптары музейіні директоры
ӘМІРЕ НЕЛІКТЕН «ЫЗ ЖІБЕК» ОПЕРАСЫНА
АТЫСТЫРЫЛМАДЫ?
«Өз елінде ешкімнің пайғамбарлығы мойындалмайды»
дегенге саятын кең таралған сөз бар. Оған қазақтың «Қолда
өскен бұқаның тайынша аты қалмайды» деген мәтелінің
мағынасы сәйкес келетін сияқты. Иә. Тарихта қаншама
ғұлама ойшылдар, оқымыстылар, саясатшылар, өнер иелері
өз елінде халқынан қолдау таппай, тірісінде бағаланбай
өткеніне мысалдар жетіп артылады. Ал, «Өлгеннің жаманы
жоқ, тірілердің жаманнан аманы жоқ» деген мақалмен қазақ
халқы өз ұлттық болмысын, өз ортасынан шыққан дарын
иелерін қалай бағалайтынын дәл білдірген-ау. Әдетте, біреу
туралы сөз болғанда қазақтың: «Е-е, анау ма? Әй, соны
қойшы!»- деп (егер одан пайда түсіремін деген дәмесі болмаған
жағдайда) мұрын шүйіруі, сірә, сүйегіне біткен мінез шығар.
Мұндай мінез, әсіресе, өнер адамдары ортасында жиі
кездесетіні туралы түрлі әңгімелер бар. Дегенмен, тірі
кезінде-ақ өз еліндегі замандастары мен әріптестері де,
шет ел зиялы қауымы да дарынын сөзсіз мойындаған
адам ретінде – қазақ әнін тұңғыш рет өзге мемлекеттерде
шырқап ұлтымызды танытқан, халықтық өнерімізге бөтен
жұрттарды да тәнті қылған қазақтың біртуар әншісі Әміре
Қашаубайұлын атауға болар. Тегінде, адам өзге халықтың
фольклорлық музыкалық шығармасын бір тыңдағаннан
түсіне қалуы (әсіресе, ол халықтардың географиялық
орналасуына байланысты музыкалық жүйе, әуен иірімдері,
поэтикалық шығармаларының құрылысы, сөйлеу
тілдеріндегі екпін заңдары тым өзгеше болса) қиын мәселе.
Сондықтан француз Ромен Роллан, Анри Барбюс, орыс
зиялылары Луначарский т.б. өз жүрекжарды пікірлерін
жалпы қазақ музыкасы жайында емес, тек Әміренің дауысы
туралы айтқанын көреміз. Әрине, Еуропадағы сол кездегі
Э.Карузо, Б.Джильи, Ф.Шаляпиндердей дарындарды сан рет
тыңдаған әлгі зиялыларды таңғалдыру оңай емес еді. Әйтсе
де Әмірені тыңдағаннан соң оның дауысын, орындаушылық
шеберлігін олар да сөзсіз мойындап, «Мен Әміредей әншіні
сирек кездестірдім!» (А.Барбюс), «Мен Шығыста әншіні
322
неге бұлбұл құсқа теңейтінін енді түсіндім» (Р.Роллан) деген
ғой. Ал, өз еліміздегі белгілі зиялы азаматтардың Әміренің
өнері жайында айқан ыстық лебіздері қаншама! Әміренің
Париж, Майндағы-Франкфурт, Мәскеу қалаларындағы
концерттеріне байланысты А.Жұбанов өзінің «Замана
бұлбұлдары» атты кітабында: «Әмірені аты тек аза-
Достарыңызбен бөлісу: |