Бағдарламасы бойынша шығарылды растыр ан: Якуда амандыов ә Әнші әміре әміре ашаубаев туралы естеліктер. раст



Pdf көрінісі
бет88/130
Дата19.09.2022
өлшемі1,9 Mb.
#39444
түріБағдарламасы
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   130
Байланысты:
3e54f76bdab069052700dfbd2773f999

(Абай ауданы. Бөрілі ауылы.
2007 жылды көкек айы).
Абылай Т=ГЕЛБАЕВ
ӘЙГІЛІ ӘНШІ ӘМІРЕНІ? ШӘКІРТІ
 АЙЫПБЕК ТУРАЛЫ
1947 жыл. Қазіргі Қазақ облысының орталығы Құлжаның 
хан базарындағы қарағайдан қиып салынған биік ғимараттың 
төбесі. Арт жағы жабылған, екі жаны мен алды ашық, 
алаңға жиналған халыққа сөз сөйлеуге, өнерпаздардың 
жұртқа өнер көрсетуіне қолайлы. Базар сахнасына жұрт 
құрметтеп, орта бойлы, шымыр денелі, көк көзді сары жігіт 
шықты, қасында сәнді киінген екі серігі бар. Үшеуінің де 
бастарында еркек қойдың мойын жүн түбітінен басылған ақ 
қалпақ, қайырмасын шымқай қара барқытпен көмкерген. 
Шашағын қара жібектен иіріп, бауына жасыл түсті асыл 
маржан өткізген. Үстеріндегі бешпенттері түйе жүнінен, 
арқауына маржан тізбектерін қосып тоқыған, жаға-жеңін 
жасыл түсті қалың қытай торғынымен жұрындаған. Әншінің 
бір серігі домбырасының қорабын ашты. Қораптың сыртын 
торы құлынның түгін сыртына қаратып қаптаған екен. Әнші 
аспабының құлақ күйін келтіріп шерте бастағанда ұйғыр 
ақыны Тейіпжан Әли дауыстап: «Әміренің «Бесқарагеріне» 
шырқа», – деді. Шамасы, әншіні талай тыңдап, өнерлінің ой 


315
қазынасынан толық хабарының бар екенін байқатты. Сол-ақ 
екен, «Бесқарагердің» биігіне басқанда, аспандаған нақышты 
дауыстың үн сұлулығына таңданғаны соншалық, базарға 
еніп келе жатқандар орындарынан қозғалмай тұрып қалды. 
Тыңдап тұрғандар қыбыр-сыбырын тоқтатып, бар назарымен 
әншінің әнін тыңдаумен болды. Біз Құлжадағы Ахметжан 
Қасым атындағы гимназияда оқып жатқан бірнеше өнерге 
үйірлеріміз мұғалімдерімізге еріп келген едік. Әншінің жұма 
күні хан базарда ән шырқайтынын естігендіктен. Әдебиеттен 
сабақ беретін Бұқара Тышқанбай өзі бастап әкелген. Көбіміз 
әншінің даңқын ел аузынан еститінбіз, енді өзін көріп
әнін естіп, таңдана тамашаладық. Әміренің «Ағашаяғына» 
шырқағанда тыңдаушысын көңілдендіріп, күлкіге бөледі. 
Ұйғырдың атақты әншісі Әбдуәли Жаролла: – Ой, ағайындар, 
қазақтар өнерліге ат мінгізіп, атан жетелетеді, біздің ұйғырда 
нақ ақша сыйлайды, оны өрім дейміз», – деді. Базар бастығы
ақ самауырмен шай, қымыз, шұбат әкелдіріп, үлкен дастархан 
жайды. Әншінің өнеріне сүйінгендер ақшаны үлкен ақ 
дастарханға бірінен-бірі озып тастап жатты. Осы кезде ортаға 
ақ жұмыртқадай пар ат жеккен күймемен орта жастан асқан, 
сәулетті киінген бір қазақ келді. Ел бірінен-бірі сұрасып, бұл 
кім десіп тұрғанда гимназияның мұғалімі Әсейін: – “Бұл - 
Оразқан, мың жылқылы, төрт түлігі толысқан мырза, өнерді, 
өнерліні жоғары бағалап құрметтейтін жомарт, – деді.
- Қайырымдылық қасиетке бастайтын өнер мен өнерлі ғой, 
тынысты әншінің ырысты дастарханына біз де үлесімізді 
қосалық, - деп, Оразқан мырза кілем қоржыннан бір бума 
қомақты ақшаны алып атқосшысына берді, ол алып ақ 
дастарханға әкеліп қойды. 
Әнші шамалы сусындап алып, Абай мен Шәкәрім 
туындыларының бірнешеуін айтты. Жұрт айта түссе екен 
деген ойларын жасырмай, ұйғырдың Зікір Әлпәтта қариясы: 
«Ұйғырша бір ән салсаңшы», – деді. Көптің тілегін екі 
етпейтін білгір әнші ұйғырдың халық батыры Садырдың Чиң 
патшасы кезіндегі 1860 жылдарда түрмедегі кекті, мұңды, 
қасіретті әнін домбыраға келтіріп тебірене шырқағанда, 
кейбір ұйғыр, қазақтың есті, егде адамдары көздеріне 
жас алып, үзілген моншақтай жерге тамғаны да болды. 
Тыңдаушының көңілін әнмен тербетіп, достық әзілі бар 


316
Зият Шәкәрімұлының «Бүлдірген» әнін өлеңмен бастады. 
Әнші бұл туындыны тыңдаушымен сырласып тұрғандай, 
әр өлеңнің астарын ашып, әуенін әуелетіп, қазақтың 
табиғатын таныта орындады. Оразқан мырза: – Шырағым, 
қарапайымдылығыңмен қасиетті екенсің, осындай өр өнерің 
мен өзіңді ұстай білген төзімді тұлғаң абыройыңды асырмаса, 
кемітпес. Аты-жөніңді, тегіңді айтшы, сұрағым артық 
болмаса!- деді. 
- Айтайын, ағай, оны сөзбен де, өлеңмен де баяндауыма 
болады. Ұлы жүз Үйсін атаданмын, оның ішінде Жалайырмын, 
нағашым Суан. Енді өлеңмен айтайын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет