А. Ш. Асқарова, Г. Т. Оспанова



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата20.09.2022
өлшемі313,7 Kb.
#39550
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
2814-1-5381-1-10-20200721

Ключевые слова: литературная критика, критические жанры, пресса, критика, эволюция 
критики, история, публицистика.
Кіріспе
Сын өзінің даму, қалыптасу және көрініс 
табу арнасы тұрғысынан журналистика саласы-
мен тығыз байланыста. Әдеби сынның жеке сала 
ретінде жетілуі мен оның тұрақты оқырмандар 
ортасымен қамтамасыз етілуі журналисти-
ка саласының дамуымен тікелей байланысты. 
Өйткені, әдеби сын көркем шығарма тәріздес 
жеке басылым ретінде әрекет етуі мүмкін емес, 
яғни, сынның негізгі көрінер арнасы – баспасөз. 
Бұл қажетті контексті сынға журнал, газет және 
қазіргі таңда интернет жасайды. 
Сынды тек эстетикалық құбылыс деп қана 
санауға болмайды. Ол сонымен қатар қоғам мен 
заман ыңғайына бейімделеді. Сондықтан оның 
қоғамдық-әлеуметтік мәні ерекше, әрі ой өсіру 
мен сана-сезім тәрбиелеудің құралы да болып 
табылады. В.Г. Белинский: «Газет-журналдың 
айбары да, беделі де сын екенін ұмытпайық» 
– деуі де содан. Баспасөз болған жерде сын бо-
латыны мәлім. Ал баспасөздің жарық көруі 
жазба әдебиеттің тез арада өсіп, дамуына 
септігін тигізеді. Сондықтан жазба әдебиет 
болғандықтан, оған деген сыни көзқарастың 
болуы әбден мүмкін. Белгілі сыншы-ғалым 
Т. Кәкішұлы: «Қазақтың әдеби сынының туу-
ына бір-бірімен іштей байланысып, бір-біріне 
творчестволық ықпал жасаған үш сала, атап 
айтқанда, қазақтың жазба әдебиеті, публици-
стикасы және баспасөзі айрықша әсері еткені 
аян» дегеніне құлақ асқан орынды. (Kakishuly, T. 
6, 2013: 248).Ғалым Д. Ысқақұлының «Сын 
өнері» еңбегінің «Сынның публицистикалық 
сипаты» тарауындағы: «...Сынның негізгі өмірі – 
баспасөзде. Баспасөз бар жерде әдеби сын да бар. 
Сынның дамуы баспасөздің дамуымен тікелей 
байланысты. Баспасөз жоқ кезде шын мәніндегі 
әдеби сын да болмайды. Баспасөз – сынның өмір 
сүру формасы, даму арнасы» – деп анықтама 
берген. (Ysqaquly D., 2001: 304). 1936 жылы 
В.Г. Белинский «Журнал өзінің айбыңдылығына 
сын алдында тәуелді. Сынсыз журнал бетсіз об-
раз, тірі органикалық бірлік емес, анатомиялық 
құрал» деп анықтама берген екен. (Belinski B.G., 
1948: 227).
Қазақ журналистикасы тарихында әр жанр-
дағы шығармалар жинағы болған басылым-
дар көпшілік, яғни әдеби үрдістің бір шырағы 
тәріздес. Алғашқы шығармалар нұсқасын оқыр-
ман қауым журналдардан оқиды. Журналдың 
энциклопедизмі әдеби-қоғамдық және ғылыми 
өмір дің барлық қырларын қамтиды деп айтуға 
бо лады. Сын әдеби үдерістің бір тамыры ретін-
де газет-журнал бетінде өрістейді. Яғни, екі сала 
бір-бірін өз қажеттеріне қарай кеңінен қолда-
нады. Сын жанрларының сыртқы формасы 
баспасөздікі де, ішкі мазмұнына сынның міндеті 
жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет