27
А.Ш. Асқарова, Г.Т. Оспанова
аясына орай бағалауынан байқалады. Де-
генмен қоғамдық өмір құбылыстары әдеби
сынныңтікелей объектісі болмауға керек. Қазақ
әдеби сыны әрқашанда әдебиетті тану ғана
емес, сонымен қатар қоғамның да өзін-өзі та-
нуы болды десек, артық айтқандық болмайды.
Сондықтан да сыншы-публицистер әдебиет
пен өнерге көбінесе ақиқатты танудың құралы
ретінде қарайды. В.В. Розанов былай деп жазады:
«Әдебиетке өмірлік мән дарытатын, оған барын-
ша қызығушылықты туындататын, оның тарихи
аяда дамыған қоғамның рухымен үндестіретін
қуат силайтын сыншы болмаса, мұны атқару
мүмкін болмас еді. Тап осы сынның әсерімен
әдебиет біздің өмірімізде елеулі мәнге ие болды.
Жазушы біздің қоғам мен тарихта жұртшылық
пікіріне құлақ асатын маңызды тұлғаға айналды»
(Rozanov V.V., 1996: 236). Публицистикалық
сынның мән-мағынасының салмақтылығы
қоғамдағы елеулі өзгерістердің, саяси ахуалдың
күрт өзгеруіне байланысты болады. Мәселен,
сыншыны қоғамдық-саяси мәселелер ғана
алаңдатпайды, сонымен қатар ол моральдық
мәселелерді де қарастырады және оқырманның
эстетикалық талғамын қалыптастырады. Көркем
шығармада автор оқырманмен сырттай сыр-
сұхбат құра алмаса, сыншылар оқырмандармен
тікелей диалогке түсіп, белгілі аудиторияға
ие бола алады. Мақаланың композициялық
құрылымын анықтау, диалог формасында
ұйымдастыру – сыншының өзіндік ерекшелігі
болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: