Микромералар макромералардың сыртын айнала қаптап, (эпиболия
әдісі бойынша) қос қабатты гаструлаға айналады. Гаструла сатысының
соңында бластопора (гастропора) жағында орналасқан эктодерма клеткалары
жедел бөлініп, гастроцель қуысына қарай бойлай созылады да
эктодермальды жұтқыншақты құрайды, ал энтодерма клеткаларының біразы
эктодерма мен энтодерма аралығына кетіп, ерекше крест тәрізді клеткалар
тобын құрайды. Олар үшінші ұрық жапырақшасы - мезодерма қабатының
бастамасы. Осылардан мезоглея клеткалары және қармалауыштарының
бұлшықеттері қалыптасады.
Экологиясы. Ескектілер барлық теңіздерде кездеседі, бірақ қоңыржай
және жылы теңіздерде көп тараған. Денесі нәзік, мезоглеясы жақсы дамыған,
медузалардікі сияқты мөлдір түссіз немесе қызғылт түсті, тек ескек
тақталары кемпірқосақтың барлық түстерімен құбылып тұрады. Көбінесе
судың үстіңгі қабатыңца тіршілік етеді, ал теңіз қатты толқынданып, нәзік
денесіне қауіп төнген кезде су түбіне шөгіп кетеді.
Дене мөлшері 5 мм-ден (Pleurobrachia pilens) 12-20 см-ге дейін
(Bolinopsis infundibulim, Beroe cucumis), ал шолпан белдігінің - Cestus veneris-
тің ұзындығы 1,5 метр.
Достарыңызбен бөлісу: