Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет70/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

47-сурет. Ескектілердің құрылыс схемасы (көлденең кесілген): 1 - ауыз тесігі, 2 - 
жұтқыншак, 3 - қармалауыш шұңқыршасы, 4 - меридиональды түтікшелер, 5 - қарын, 6 - 
оральды полюсіне бағытталған түтікше, 7 - ескекті тақталар қатары, 8 - қармалауыш, 9 - 
жіпше бастамасы, 10 - аборальды мүше
Меридиональды түтікшелерге сай келетіндей дененің сыртқы жағында 
сегіз қатар қыры немесе белдеуі бар. Әрбір қырда көлденеңінен қатарласып 
келген төрт бұрышты шағын тақталар орналасқан. Бұлардың әрқайсысы 
жұқа, мөлдір, ұшы айдарша тарамдалған, бір-бірімен бірігіп кеткен ірі 
кірпікшелерден тұрады. Тақталар көптеген ескекшелер тәрізді суды бір 
бағытта айдап, жануарды ауыз полюсімен алға қарай жылжытады. Осыларға 
қосымша - ескек тақталар қатарынан кірпікшелі жіпшелер дамып, олар екі-
екіден бірігіп, төртеу болып аборальды полюсіне қарай бағытталып жатады. 
Осылайша ескектілер өмір бойы өзгерген кірпікшелерімен қозғалады. 
Ішекқуыстыларда бұл әдіс тек личинкаларға тән.
Ескектілердің көпшілігінде қорегін ұстайтын екі ұзын 


қармалауыштары денесінің бүйір жағында бір-біріне қарама-қарсы 
орналасқан. Олар ерекше қармалауыш ойығына жиырыла алады. Қорек затты 
ұстауға қармалауыш эпителиясының жабысқақ немесе коллобласт 
клеткалары қатысады. Олардың сыртқы беті жарты шар пішінді және 
жабысқақ тамшылармен қапталған. Жарты шардың түбінен қармалауыштың 
ішіне қарай, спираль тәрізді оралған жіпше өтеді, ол екінші ұшымен 
қармалауыштың ұзына бойы орналасқан бұлшықетіне жабысады (48-сурет). 
Ұсталынған ұсақ организмдер клеткаларға жабысады да құтылуға тырысқан 
шақта жабысқақ клетканы қармалауыштың жоғарғы жағына тартады, сол 
сәтте спираль тәрізді жіпшесі клетканы орнына қайтарады. Ұсталынған 
қоректі кең ауызы арқылы жұтады.
48-сурет. Ескектілердің жабысқақ клеткасының (А) және аборальды мүшесінің (Б) 
құрылысы: А-1 - жабысқақ бүрлері бар жарты шар, 2 - спиральды жіпше, 3 - 
қармалауыштың бұлшықеті; Б-1 - мөлдір қалпақша, 2 - кірпікше түктер, 3 - статолит, 4 - 
кірпікшелі жіпше
Ескектілердің нерв жүйесі жақсы дамыған. Диффузиялық нерв 
жүйесімен қатар ескек тақталарының бойында және кірпікшелі жіпшелерінің 
астында нерв клеткалары шоғырланып, тығыз тәждерді, сонымен қатар 
ауызының айнала жиегінде нерв сақинасын түзейді. Аборальды полюсінің 
ортасында арнаулы тепе-теңдікті сезгіш "аборальді мүшесі" орналасқан. 
Оның негізі - статолит, ол бір-бірімен жабысқан фосфор қышқылды кальций 
дәндерінен құралған. Статолитті, рецепторлы клеткаларынан таралған, иілген 
ұзын төрт кірпікше түктері ұстап тұрады. Олар кірпікшелі жіпшелер арқылы 
ескек тақталар қатарымен өзара байланысқан. Статолит жастықша тәрізді 
эктодерма клеткаларынан тұратын қалың жиынтықтың үстінде орналасқан, 
оны сыртынан ұзын кірпікше түктерден құрылған түссіз қалпақша жауып 
тұрады (48, Б-сурет). Статолитті ұстап тұратын кірпікше түктерінің иіліп 
жазылуынан ол үнемі тербеліс, қозғалыс күйінде болады. Бұл тербелу 
кірпікшелі жіпшелер арқылы ескек тақталарына ұласып, олардың да 
қозғалысын реттейді. Аборальды мүшесінен айырылған ескектілердің есу 
қызметі де бұзылады. Осыған байланысты тепе-теңдікті сақтау және 
жылжуын реттеу жұмысын "аборальды мүше" атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет