клеткалылардың арғы тектеріне, әсіресе, фагоцителла тәрізділерге тән
қарапайым қоректену әдісін сақтады деген жорамалды айтуға болады.
Төменгі сатыдағы Metazoa топтарының /ішекқуыстылар мен ішексіз
кірпікшелі құрттар/ арасындағы филогенетикалық қарым-қатынасты былай
түсіндіруге болады. Ішекқуыстылардың және қарапайым кірпікшелі
құрттардың шыққан арғы тектері фагоцителла тәріздес болған. Алғашқы
жағдайда арғы тек формалары субстратқа бекініп, қозғалу қабілетін
жоғалтады. Фагоцитобласт клеткаларының ыдырауы арқасында гастральды
қуыс және ауыз тесігі пайда болады. Осылайша, ішекқуыстыларға тән
бастапқы полипоидты организм қалыптасады және тек олардың личинка -
планулаларында ғана айқын білінген арғы - тектік мүшелері сақталады.
Екінші жағдайда алғашқы көп клеткалы организмдер субстратқа бекінбей
қозғалуға қабілетін сақтай отырып, денесінің бүйір жағымен субстратқа
жатып қозғалуына байланысты, ауыз тесігінің пайда болуына,
фагоцитобластың ас қорыту паренхимасына айналуына және жыныстық
көбеюдің қарапайым формаларының пайда болуына, екі жақты
симметрияның, Асоеіа тәрізді арғы тектерінің пайда болуына алып келді.
Арнайы зәр шығару мүшелерінің, гонадалар мен жыныс жолдарының
болмауы, жыныс гаметалары дене қабырғасын тесіп немесе ауыз арқылы
сыртқа шығуы - мұның бәрі фагоцителла тәрізді арғы - тектер құрылысының
қарапайымдылығымен түсіндіріледі.
Су түбіне бекінуден жорғалап тіршілік етуге көшуі (алғашқы
формаларының) сәулелі симметрияның екі жақты симметрияға көшуіне әсер
етті. Бекінген немесе баяу жүзетін планктон жәндіктердің денесінің басты
өсінің төңірегіндегі барлық жақтары (қоректі ұстауда, сыртқы әсерлерге
қозуда) бірдей қашықтықта орналасады. Ал қозғалмалы фагоцителла
тәрізділер су түбіне түскенде бұл жағдайлар өзгерді. Субстратпен беттесетін
жағы құрсақ жағына айналды, ал ілгері жорғалағандағы алдыңғы ұшы
сырттан келетін қозуларды қабылдайтын жағына айналды, соның
нәтижесінде дененің арқа және құрсақ бөлімдерінің немесе жақтарының
морфологиялық дамуына әсер етті, ал алдыңғы бөлімінде нерв
ганглияларының шоғырлануы мен мидың құрылуы басталды.
Турбеллярияларда арғы тектерінің жорғалауға көшуіне байланысты, ауыз
қуысы құрсақ бетіне ығысқан. Бұл қорек заттарын субстраттан жинауын
жеңілдетті. Сезім мүшелерінің дененің алдыңғы бөліміне орналасуы,
алдыңғы бөлімінің жағдайын қолайлы етті. Эволюция барысында
турбеллярияларда аузы біртіндеп алға қарай ығысады. Аталған өзгерістер
кірпікшелі құрттардың арғы тектерін анықтаудағы негізі бола алады.
Турбелляриялардағы нерв, зәр шығару, жыныс жүйелері және басқа да
мүшелерінің дамуы күрделілену бағытында жүрді. Бұл процестерде
олигомеризация /нерв бағаналарының, зәр шығару түтікшелерінің,
көздерінің, гонадаларының және тағы басқа мүшелерінің бастапқы көп
санының азаюы/ маңызды орын алған.
Достарыңызбен бөлісу: