Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс



Pdf көрінісі
бет17/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83
Байланысты:
Снимок экрана 2022—09—08 в 14.18.19

ТЫҢДАЛЫМ.
2-тапсырма. Ақпараттың шынайылығын анықтау.
Тыңдалымнан соң «DEAL» əдісі бойынша тапсырма
орындаңыздар.
D – Describe – баяндау, суреттеу (оқығанды, көргенді,
тыңдағанды сипаттау, сынау, өлшеу).
E – Explain – түсіндіру (құбылыс немесе оқиға бойынша не
білетіндерін, естігенін, түсінгендерін суреттеу).
A – Anallуse – талдау (ақпаратты талдау, қорытынды жасау,
себептерін атау).
L – Links – байланыс (болжамдар немесе қорытынды жасау,
өзінде бар біліммен байланыстыру).
ОҚЫЛЫМ. Негізгі, қосымша ақпаратты табу.
3-тапсырма.
Менің қалам
Қарағанды – менің туған қалам.
Қарағанды Қазақстанның орталығында орналасқан.
Қарағанды – ірі өндіріс орталығы.
Қарағанды – мəдениет орталығы.
Қарағанды – ірі облыс орталығы.
Қарағандыға 86 жыл болды.
Қарағанды – əсем, жаңарған қала.
Қарағанды – кеншілер астанасы.
Қарағандыда жоғары оқу орындары көп. Олар: Е.А. Бөкетов
атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды
мемлекеттік техникалық университеті, Қарағанды экономикалық
университеті, 
медициналық 
Академия 
жəне 
көптеген
мемлекеттік емес оқу орындары.
Қарағандыда Мұқанов, Ерубаев, Ермеков, С.Сейфуллин т.б
ұлылардың есімімен аталған көшелер мен Бұқар Жырау, Нүркен
Əбдіров, Құрылысшылар, Кеншілер т.б. даңғылдары бар.
Қарағандыда көрікті демалыс орындары көп. Орталық
саябақ, этнопарк, Жеңіс саябағы, сонымен қатар мұражайлар,
кинотеатрлар, драма театры, кітапханалар, боулинг, аквапарк,
хайуанаттар паркі, аквалэнд, шаңғы базасы, «Шахтер» стадионы
бар.
Қаламызда құрылыс көп. Ірі-ірі гипер-супермаркеттер,
мешіттер мен шіркеулер, жаңа стильде тұрғын үйлер салынуда.
Маған менің қалам өте ұнайды.
ЖАЗЫЛЫМ.
4-тапсырма.
«Диаманта» əдісі бойынша жұмыс.
Диаманта – жеті жолдан тұратын өлең түрі, бірінші жəне соңғы
жолдары қарама-қарсы мəнде болуы қажет. Мағыналары қарама-
қарсы түсініктермен жұмыс істегенде пайдалы.
1,7 – жолдары – антоним-зат есімдер;
2 – бірінші зат есімге екі сын есім;
3 – бірінші зат есімге үш етістік;
4 – зат есімді екі сөз тіркесі;
5 – екінші зат есімге үш етістік;
6 – екінші зат есімге екі сын есім;
Мысалы:
• 
қала
• 
үлкен, көне


• 
салынады, өседі, гүлденеді
• 
танымал қала, кішкентай ауыл
• 
асырайды, дамиды, қалыптасады
• 
əдемі, туған
• 
ауыл


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет