Тұйық етістік Көмектес септігі
-ға сəйкес, -ға
байланысты
Біл+у
Білу+мен
Білу+ге
Бар+у
Бару+мен
Бару+ға
Кел+у
Келу+мен
Келу+ге
Лексикалық минимум. Білікті маман, жоғары білім, ғылымды
дамыту, бəсекеге қабілетті, зергер, аспаз, шаштараз, заңгер,
ұшқыш, есепші, сапалы білім, ақпарат, ұстаз, заман талабы,
мейрімділік, заманауи, жан-жақты болу.
ОҚЫЛЫМ
Мəтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
Білікті маман – заман талабы
Елбасының Жолдауында еліміздегі жоғары білім мен
ғылымды дамытуға назар аударылды. Қазақстанның бəсекеге
қабілетті елу елдің қатарына қосылуы ғылымы мен білімнің
сапасына байланысты.
Əр салада жұмыс сапасы жақсы болу үшін тəжірибелі
мамандар керек. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-
жақты білімділікті, мейірімділікті қажет ететін мамандық –
ұстаздық мамандық.
Бүгінгі ұстаз шəкіртіне білім беріп қана қоймай, оны
дүниежүзілік ақпарат, бəсеке қабілетті болуға тəрбиелеуі керек.
Нəтижесінде бір емес, бірнеше жас жүрекке мəңгі ұстаз болып
қалады.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд: жай мұғалім
хабарлайды, жақсы мұғалім түсіндіреді, керемет мұғалім
көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады,-деді.
Достарыңызбен бөлісу: