Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті жəне маңызды іс.
Мамандықты əр
адам өзінің қызығушылығына, қабілетіне,
қалауына қарай таңдау керек. Қабілеттілік – əрбір
адамның
бойында болатын қасиет. Біреуге көбірек,
біреуге азырақ
бұйырады. Ұзақ уақыт бойы өз басында ешбір қабілеттілік жоқ
деп санап жүрген адам өз бойынан ерекше қасиеттерді
байқайды. Адам өзінің болашақ кəсіби мамандығына əр түрлі
жолдармен келеді. Біреулер үшін – ол арманының нəтижесі,
отбасы дəстүрін
жалғастыру, келесі біреулер үшін – жаңа
мамандыққа ұмтылу, үшінші біреулерге – əйтеуір бір мамандық
алу керек болған соң т.б. Мамандықты таңдау үшін, адам ең
алдымен өзінің бейімділігін білу керек.
Достарыңызбен бөлісу: