4 САБАҚ. МАҒАН ҰНАЙТЫН СПОРТ ТҮРІ.
Грамматикалық тақырып: Ауыспалы өткен шағы.
Ауыспалы өткен шақ
+атын+жіктік
жалғауы
+етін+жіктік
жалғауы
+йтын+жіктік
жалғауы
+йтін+жіктік
жалғауы
Мен баратынмын
Сен баратынсың
Ол баратын
Мен келетінмін
Сен келетінсің
Ол келетін
Мен
қарайтынмын
Сен қарайтынсың
Ол қарайтын
Мен
сөйлейтінмін
Сен
сөйлейтінсің
Ол сөйлейтін
Лексикалық минимум: Балалық шақ, сылтау, жүзу, жүзу
мектебі, қиын, бастапқыда, чемпиондар, жеңіске жету,
болашақта, спорттық байқау, сынға түсу, қатысушылар,
марапаттау, сайыс, олимпиада чемпионы, нəтиже, үйірме, спорт
түрі.
ЖАЗЫЛЫМ
1-тапсырма. «Интервью» əдісі. «Маған ұнайтын спорт»
тақырыбына көршіңізден сұхбат алыңыз.
Үлгі: Сəлем. Саған қандай спорт түрі ұнайды?
Сəлем. Маған футбол қатты ұнайды.
Футбол үйірмесіне қатысасың ба?
Жоқ. Бірақ, болашақта қатысқым келеді......
• ОҚЫЛЫМ
Мəтінді оқып, тапсырманы орындаңыз.
Спорт адамның денсаулығына пайдалы екенін балалық
шақтан бастап білеміз. Алайда, қандай да бір секцияға қатысуға
мүмкіндік болғанымен, оған бармау үшін əртүрлі сылтау
табамыз. Бірақ, баруға шешім қабылдасаңыз, өміріңіз түбегейлі
өзгереді. Мен досыммен бірге жүзу мектебіне жазылдым. Əрине,
бастапқы кезде физикалық тұрғыдан өте қиын болды: барлық
бұлшықеттер ауырып, таңертең төсектен шыққым келмеді.
Дегенмен, шыдамдылық танытып, тағы 2-3 рет барғанан кейін,
бұл спорт түрінен лəззат алатын болдым. Осы спорт түрімен
өмір
бойы
айналысатыныма
сенімдімін.
Олимпиада
чемпиондары мені шын жүректен таңқалдырады, өйткені
жеңіске жету үшін, қанша күш пен табандылық қажет екенін
білемін. Мен де болашақта осындай биік шыңдардан көрінгім
келеді.
2-тапсырма. «ПОПС формуласы» арқылы ой тұжырымдаңыз.
• Позиция (менің ойымша, ...)
• Түсіндіру ( себебі...)
• Мысал (мен мұны мынадай мысал арқылы дəлелдей аламын
...)
• Салдар (айтылған мəселе бойынша мынадай қорытынды
жасаймын ...)
Достарыңызбен бөлісу: |