Қазақ тілі (А2 деңгейі) пəні бойынша Барлық бағыттардағы факультеттердің орыс бөлімдеріне арналған ОҚу бағдарламасы (syllabus) Курс



Pdf көрінісі
бет61/83
Дата23.09.2022
өлшемі20,14 Mb.
#39939
түріБағдарламасы
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83
Байланысты:
Снимок экрана 2022—09—08 в 14.18.19

Тыңдалым бойынша сұрақтар
Əр жиырма минут сайын Facebookте 1 мил сілтеме
таралады.
Əр минут сайын Facebookте 100 мың адам дос болып
қабылданады.
Балалардың 80 пайызында əлеуметтік желілерде өздерінің
аккаунттары бар.
4-тапсырма. «Қар кесегі» əдісі бойынша топтық жұмыс. Əрбір
топ студенттері басқа топтарға бағыттап параққа сұрақ жазып
лақтырады. Сұрақтармен кезек-кезек алмасады.
https://wordwall.net/play/7682/596/627 Ойын ссылка
2 САБАҚ. ƏЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ПАЙДАСЫ МЕН ЗИЯНЫ.
Грамматикалық тақырып: еді/ екен көмекші етістігі;
ауыспалы өткен шақтың болымсыз түрі
Ауыспалы өткен шақтың болымсыз түрі
ма+йтын+жіктік жалғауы ме+йтін+жіктік жалғауы
Мен қарамайтынмын
Сен қарамайтынсың
Ол қарамайтын
Мен сөйлемейтінмін
Сен сөйлемейтінсің
Ол сөйлемейтін
Лексикалық минимум: Ақпарат көзі, мəлімет алу, білім
кеңейту, уақыт үнемдеу, уақыт жоғалту, бос уақыт, тəуелділік,
веб-парақша, жеке парақша, жіпсіз байлану, қажеттілік, сайт,
психика, қауіп, зиян, пайда, жарнама.
АЙТЫЛЫМ
1-тапсырма. «Болжау» əдісі. Берілген суреттерге қарап
студенттер сабақтың тақырыбына болжам жасайды.
Көмекші етістік
Екен
Мысалы. Барса екен,
көрсе екен


ЖАЗЫЛЫМ
2-тапсырма. Лексикалық минимумдағы сөздерді пайдалана
отырып бірнеше сөйлем құраңыз. Сөйлемде көмекші етістіктерді
пайдаланыңыз.
Үлгі. Əлеуметтік желіге тəуелді адам психикалық ауруға
ұшырайды екен.
ТЫҢДАЛЫМ
https://www
.youtube.com/watch?v=efcjvEyzegU
3-тапсырма. Тыңдалымды тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
1. Əлеуметтік желінің пайдасы не?
2. Əсет уақытын қалай өткізеді?
3. Əсет не үшін алғаш рет əлеуметтік желіге тіркелді?
4. Əсеттік қанша уақыты əлеуметтік желіде өтеді?
5. Əсеттің іс-əрекеті дұрыс па? Өз ойыңыз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет