Əлеуметтік желінің залалы Əлеуметтік желі ең алдымен, адамның уақытын жейді..
Жоғалтқан уақытты ешқандай жолмен қайтара алмайсыз.
Əлеуметтік желіде күн сайын жеті-сегіз, тіпті одан да көп
сағаттап отыратындар уақыттарын жоғалтып жатқандар.
Екінші залалы – əлеуметтік желі адамды белсенді емес
тұтынушыға, жалқауға айналдырады.
Əлеуметтік желі ақырсында адамды тəуелді етеді. Араққа,
есірткіге тəуелді болған сияқты, адамдар көп ұзамай əлеуметтік
желіге де тəуелділікке түседі. Енді олар күндіз-түні компьютерде
отырып, əлеуметтік желіге қараудан жалықпайтын болады.
Бүгінгі күні, əсіресе жасөспірімдер арасында əлеуметтік желіге
тəуелділік белең алып барады.
Əлеуметтік желі адамды бақытсыз етеді. Олар өзгелерді
таңғалдыру үшін, тіпті өмірлеріне қатер төндіріп биік үйлердің
төбесінде, жүріп келе жатқан пойыз көрінісі аясында суретке
түсуге ұмтылып жүріп, мерт болып немесе жарақат алып
жатады. Жұрт лайк баспаса, ол үшін нағыз үлкен бақытсыздық
болып табылады.
2-тапсырма. Кестені толтырыңыз.
Əлеуметтік желі пайдасы Əлеуметтік желі зияны
3-тапсырма. Мəтінді пайдалана отырып бірнеше сұрақ
құрастырыңыздар.
АЙТЫЛЫМ 4-тапсырма. Лексикалық минимумды пайдалана отырып,
диалогты жалғастырыңыз.
Əкесі: Балам, ғаламторда неге көп отырасың?
Бала: Əке, ғаламторда қызықты дүниелер көп...
4 САБАҚ. ƏЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ ЖАЙЛЫ ҚЫЗЫҚТЫ АҚПАРАТТАР. Грамматикалық тақырып: еді/ екен көмекші етістігі;
ауыспалы өткен шақтың болымсыз түрі
Көмекші етістік
Екен Мысалы. Барса екен,
көрсе екен
Ауыспалы өткен шақтың болымсыз түрі ма+йтын+жіктік жалғауы ме+йтін+жіктік жалғауы Мен қарамайтынмын
Сен қарамайтынсың
Ол қарамайтын
Мен сөйлемейтінмін
Сен сөйлемейтінсің
Ол сөйлемейтін