Көлбаканың жүрегін денесінсн бөліп алып, физиологиялык срітіндіге
салыи койса, жүрек өзініц табиги ырғағымен көпке дейін тоқтамай жиырыла
береді. Оның өзінен өзі жиырылуы автоматиялық қасиетіне,
ягни өз тінінде
туатын қозу үрдісіне байланысты.
Жылы канды жануарлар жүрсгінде де автоматиялык касиет болатынын
1895 жылы Лангендорф итке жасаған тәжірибесінде дәлелдеп берді. Ит
денссінен бөлініп алынған жүректің өз (коронарлык) тамырына оттегімен
каныққан жылы канды әдеттегі кысыммен жіберсе, тоқтап калған жүрек
қайтадан жиырыла бастайды.
1902 жылы дәрігер А.А. Кулябко (Томск) өкпс ауруынан өлген баланың
жүрсгін 20 сағат
өтксн соң денесінен бөліп алып, Лангендорф әдісін
қолданды, мүның нэтижесінде тоқтап калган жүрек қайтадан соға бастады.
Сөйтіп адамның жүрек етіне де автоматиялык касиет тэн екені дәлелденді.
Жүрек автоматиясының пайда болуы жөнінде екі түрлі яғни миогендік
жэне нейрогендік теория бар. Миогендік теория бойынша козу жүректін
ауыткыган (атипті) ет тіндеріңде пайда болады, яғни жүректің автоматиялык
қасиеті оның ет тіндерінің козуына байланысты.
Нейрогендік теория
бойынша ол жүрек етіндегі өте козгыш нейрондардьың орекетінен туады.
Жылы канды организмде жүрек автоматиясы миогендік теория
тұргысынан дәлелдеуге болатынын көптеген тэжірибе көрсетеді. Солардың
бірі - жоғарыда айтылған Кулябко тәжірибссі: 20 сағат ішінде жүрск етіндегі
нейрондар толық бұзылады, ал миоциттер бұзылмайДЫ. Демек, жүрек
автоматиясы
нейрондарға емес, миокардка байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: