Ет талшыгы жиырылуы үшін мотонейроннан мионевральдық түйіснеге
импульс келіп жетуінен эрекет потенциалы туып, сарколеммада теріс заряд
пайда болады. Ол мембрана бойымен Төсінділері арқылы ішкі түйіспеге
жетіп, ретикулум цистернасының Са2+ ионына өтімділігін жоғарылатады.
Мүның салдарынан кальций иондары цистернадан саркоплазмага өтеді.
Кальций иоңдары тропонин молекулаларымен әрекеттесіп тропонин -
тропомиозин комплексін қүрады. Бүл тропонинніц пішінін өзгертеді де, актив
оралымдарының арасына тропомиозиннің тереңірек кіруіне жағдай жасайды.
Сөйтіп актин тропомиозин кедергісінен күтылады, актинге
миозиннің
көлденең өсінділерінің жабысатын жері босайды. Бүл өсінділер актинге
жабысып ондағы миозиннің ферменттік қасиетін жоғарылатады. Бүл үшін
Mg2+ иондарының жеткілікті болуы да шарт. АҮФ кышқылы ыдырай
бастайды. Фосфор кышқылы бөлініп, аденозинді фосфор қышқылы пайда
болады. Осыған орай миозин өсіндісінің (басының) иішіндік өзгеруіне
байланысты олар қайық ескектерінің кимылын жасап (еңкейіп, жазытып).
актин жіпшелерін миозин жіпшелерінің ортасына карап тартады (енгізеді).
Бұған босаған энергия жұмсалады. Мүнымен катар миозин өсіндісінде АҮФ
қышқылы кайта түзіледі жэне Са2+ иондары саркоплазмада азая бастайды.
Осыган орай актинмен миозин байланысы бүзылады. Әрекет потснциалының
реполяризациясы қезінде саркоплазма ретикулумының мембранасындағы
кальцийдің тарткыштык белсенділігі күшейіп, Са2+ иондары саркоплазмадан
кері цистернаға өтеді, артығы кейде миоциттен сыртқа да шыгарылады.
Тропонин кешені (комплексі) ыдырап, тропомиозин алғашқы орнЪіна келіп
актинның активті жерлерін жабады. Келесі серпіністе (ӘП-да) осы
механикалык жэне химиялық үрдістер қайтадан кайталанады. Сонымен
бүлшықеттің жиырылуы аякталарда протоплазмадағы кальций иондары
азаяды. Кальций мөлшері бастапқы калпына келерде жиырылған ет босайды
да актин кері жылжиды, ет талшықтары үзарып, бүрыңғы калпына келеді,
осыган байланысты АҮФ қышкылының молшсрі де бұрынгы калпына келуге
тиіс. Энергия өзегі бастапкы деңгейіне жстпесе ет толыгынан босап
шықпайды. Онда контрактура (құрысу) пайда болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: