Атты III халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағЫ


"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD



Pdf көрінісі
бет316/418
Дата24.09.2022
өлшемі8,11 Mb.
#40095
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   418
Байланысты:
III TOM

"SCIENCE AND EDUCATION IN THE MODERN WORLD:
CHALLENGES OF THE XXI CENTURY" 
NUR-SULTAN, KAZAKHSTAN, JULY 2019
 
307 
фин, эстон, коми, венгр сияқты фин-угор халықтарының тілінен аударғанда ҧлттық 
атаулары «Қҧс жолы» дегенді білдіреді екен.
Осындай мифтердегі Қҧс жолы «әлдебіреудің жолы немесе ізі» деп тҥсіндіріледі. 
Мәселен, Қҧс жолы: 
Аспанның батыс жағына аң аулаға кеткен, сол жақта ҥсіп қалған аспанның (Ес) 
ҧлының жолы (кет мифі). 
Самодилерде Қҧс жолы – санаткердің шаңғысының іздері. Санаткер ретінде 
ненецтерде – иомбо, энецтерде – Ди‘‘ а есімдері аталады. Кейбір мифтердегі Қҧс жолы 
Нумның баласыНун Ияның (селькуп) шаңғысының ізі болып кӛрсетіледі. Селькуптер Қҧс 
жолын «аспандық Ийдің жолы» немесе «Ийдің сҥрлеуі» деп те атайды. Миф бойынша 
«жолға шыққан Йи қатты соққан шығыстың ҥскірік желіне тап болады. Нашар киінген ол, 
аспанда келе жатып әбден тоңады. Қҧс жолы оның тоңғасын секеңдеп жҥргенінен пайда 
болған екен».
Хоседем деген мыстан кемпірді ӛкшелеп қуған Альбэ деген батырдың жолы (кет 
мифі). Альбэ деген аңшы Хоседэмді (мыстан кемпірді) ӛкшелеп қуады. Хоседэмнің 
қашқан жолына қатысты келтірілетін мифтік іс-әрекеттердің нәтижесі Енисей алабының 
жерталабын еске тҥсіреді. Сондай-ақ осы «жол» аспани сипатқа да ие. Яғни, Хоседемнің 
қашу, Альбэнің ізге тҥсіп қуу жолы –аспандағы «Қҧс жолы». Сондықтан да кит мифі мен 
тілінде Қҧс жолы - «Альбэнің жолы»деп аталады. Орнион шоқжҧлдызы, кеттердің 
аспандық мифіне сәйкес – Бҧғының басы. Осы бҧғы Альбэмен бірге кӛкке шығып кеткен.
Дегенмен осындай мифтердегі басты кейіпкердің аңшы (мерген) немесе аңшы-бақсы 
екендігін аңғаруға болады, мҧнда: а)Аңшы «әйел кейпі демонды» ізіне тҥсіп қуады, б) 
Аңшы мҥйізді жануардың (бҧғының, бҧланның, т.б) ізіне тҥсіп қуады. Әлгі қазақы 
«Мерген озалындағы» аңшы-мергеннің жезтырнақты жаралағаннан кейін, қашып кеткен 
жезтырнақтың ізіне тҥсуі менмергеннің бҧғы атып алмақ болуы да - осы сібірлік 
мифтердің аналогы болып табылады. Егер кит мифімен салыстыратын болсақ, онда 
қазақтың мергенінің есімі – Альбэ, жезтырнақтың есімі – Ходесам болып шығар еді. 
Мергеннің қуған жолы, жезтырнақтың қашқан жолы – Қҧс жолы, ал бҧғы – Орион 
шоқжҧлдызы болып шығар еді. Сәйкестік - абсолютті. Бірақ арғықазақтар осы мифті сібір 
халықтарының алды дегенді кӛрсетпейді, ӛйткені біз мерген есіміне қатысты 
қисындарымызда осындай тҥсініктің тас ғасырда пайда болғанын, кӛпшілікке ортақ 
болғанын айтып кеттік.
Ертегілерде «жол айрығы» немесе «жол тоғысы» тҥсінігі де аса маңызды мифтік 
реконструкциялық нысандар қатарына жатады. «Ағайынды ҥш жігіт жолмен келе жатып, 
оның ҥш жаққа тармақталатын айрығына тап болады. Әдетте мҧндай жерде тас немесе 
ағаш тҧрады, ол жерде білгілі бір жол таңдау шарты кӛрсетілген жазу болады. Ҥш жігіт 
ҥш жол тармағын таңдайды.» осындай сюжет ертегілерде бірнеше мәрте қайталанады, 
мҧнда біз «ҥш айрық жол», «екі айрық жол», «тоқсан жолдың торабы» сияқты ертегілік 
варианттарды таба аламыз.
Міне, осындай жол айрықтардың: а) эклиптика мен аспан экваторының қиылысу 
нҥктесі деп те (бҧл жағдайда жол айрығы немесекӛктемгі не кҥзгі кҥн теңелу сәттеріне 
сәйкес келетін болады), б) полюстік қисын деп те, в) «натуралистік» Қҧс жолының 
суреттемесі деп те қарастыруға болады.соңғы сәйкестендіру жағдайында «ҥш айрық 
жолдың» ӛзі «екі айрық жол» болып шығады. Біз Қҧс жолының Аққу шоқжҧлдызында екі 
тармақ болып айрылып, Центавр шоқжҧлдыжында қайта қосылатын болатынын атап 
ӛткен болатынбыз (алдынғы қолжазбаларда), сондықтан жолдың екіге айрылатын жер аса 
маңызды оқиғалар болатын тҧс ретінде не Аққу не Центавр шоқжҧлдызының маңы болып 
шығады [1].
Міне Қондыбай Серікболдың «Арғықазақ мифологиясы» екінші кітабында осы Қҧс 
жолының тарихи тҥсінігі де, мифтік тҥсінігі де толығымен келтірілген. Осы жазбаларды 
зерттей келе қазіргі таңда «Қҧс жолын» дамыған ғылыми тілде тҥсіндіріп кӛрейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   418




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет