28
Конкурс 16 сағаттық нормативтік оқу жүктемесімен педагогтің бос
лауазымына өткізіледі.
Ұлттық біліктілік тестісінен кемінде 50 балл жинаған техникалық және
кәсіптік білім беру ұйымдарының, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан
кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық мамандықтары бойынша білім
алушылары мен түлектеріне «педагог» біліктілік санаты беріледі.
Техникалық
және кәсіптік білім беру, жоғары және/немесе жоғары оқу
орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының «педагог» біліктілік санаты бар
түлектері конкурс нәтижелері бойынша жұмысқа қабылданады.
«Педагог мәртебесі туралы» және «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңдарын іске асыру аясында
педагогтің жүктемесі 16 сағатқа дейін төмендетілді. Бір пән бойынша бос
лауазымның 16 сағатын педагогтер арасында бөліп беруге рұқсат етілмейді.
Қажет болған жағдайда оқу жылының басында бос лауазымға (16 сағат)
қосымша педагог қабылданады.
Мұғалімдердің оқу жүктемесін тарифтеу оқу процесін жоспарлаудың
негізгі параметрі болып табылады.
Тарификациялау – мектеп
педагогтерінің білім деңгейіне, біліктілігіне,
орындалатын жұмыс көлеміне, сондай-ақ жұмыстың нәтижелілігі мен сапасына
қарай оқу жүктемесін белгілеуге бағытталған іс-шаралар кешені.
Педагогті тарифтеу бойынша келесі жұмыс тәртібі ұсынылады:
✓ МЖМБС, мектептің жұмыс оқу жоспарына және сынып-комплектінің
санына сәйкес әрбір пән бойынша оқу сағаттарын есептеу (директор және
директордың орынбасары жүзеге асырады);
✓ Мұғалімдердің оқу жүктемесінің көлемі мектептің жұмыс оқу
жоспарындағы сағаттар саны мен мектептің кадрлармен қамтамасыз етілуіне
қарай айқындалады;
✓ Жұмыс оқу жоспары бойынша әрбір параллель сыныптардың сағат
санын есептеу жүргізіледі. Сонымен бірге
белгілі бір пәндер бойынша
сыныптарды топтарға бөліп оқыту ескеріледі. Топтарға бөлу сыныптағы білім
алушылардың санына қарай жүргізіледі;
✓ Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесінің көлемі жұмыс оқу жоспарында
белгіленген оқу қызметінің түрлері (вариативтік компоненттер) бойынша
белгіленеді;
✓ Сағаттардың санын есептегеннен кейін педагогтердің жүктемелері мен
бақылау табелі анықталады;
✓ Әрбір мұғалімнің оқу жүктемесі оның сыныптарда пәндерді оқыту
сабақтастығын, оқыту сапасы мен кадрлармен қамтамасыз етілуін ескере
отырып, алдын ала жеке әңгімелесу арқылы (директордың орынбасары,
әдістемелік бірлестіктердің басшылары) айқындалады;
✓ Жиынтық тарифтеу тізімі келесі міндетті мәліметтерді қамтиды:
мұғалімнің аты-жөні; лауазымы; білім деңгейі; жүктеме көлемі – апталық жалпы
сағат саны; қосымша жұмыс түрлері үшін төленетін қосымша ақылар; тұрақты
жеке үстемемақылар (магистрлік, тәлімгерлік үшін және т.б.).
29
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Халық бірлігі және жүйелі реформалар
– ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында
берілген тапсырмасын
орындау мақсатында
үш жылда кемінде бір рет педагогтердің біліктілігін
арттыруға қатысты «Білім туралы» және «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан
Республикасы Заңдарына өзгерістер енгізілді.
Қазіргі таңда ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2020 жылғы 4
мамырдағы № 175 және 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрықтарына
өзгерістер мен толықтырулар енгізілуде. Бұйрық жобасына педагогтердің
біліктілігін арттыру курстарын өткізу ұйымдарына қойылатын жаңа талаптар,
білім беру бағдарламаларын әзірлеу және келісу және тағы да басқа нормалар
енгізілетін болады.
Мемлекет басшысы берген тапсырмасына сәйкес Мұғалімдер тапшылығы
байқалған өңірлерге үздік педагогтерді тартудың
тиісті қолдау шараларының
пакеті бар арнаулы бағдарламасы әзірленді.
Бағдарлама
педагогтерге
республикалық
бюджеттің
нысаналы
трансферттері
есебінен
лауазымдық
жалақыдан
150%
мөлшерінде
ынталандырушы қосымша ақы беруді көздейді.
Талдау қорытындысы бойынша педагогтардың тапшылығы Атырау,
Маңғыстау, Алматы және Түркістан облыстарында сақталып отыр. Математика,
физика, химия, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі пән мұғалімдеріне қажеттілік
байқалады.
Ұлттық статистика және халықаралық салыстырмалы зерттеулер деректері
бірқатар жылдар ішінде нысаналы өңірлердегі білім алушылардың білім
сапасының орташа елдік көрсеткіштерден артта қалғанын көрсетеді. Мұны PISA
2018 халықаралық зерттеуінің нәтижелері және Ұлттық бірыңғай тестілеудің
нәтижелері растайды. Білім сапасын арттыру үшін арнайы бағдарлама әзірленді.
Педагогтерді іріктеу конкурстық негізде жүзеге асырылады.
Іріктелген педагогтер үшін 4 апталық біліктілікті арттыру курстары және
онлайн-және офлайн
форматтардағы семинарлар, вебинарлар мен шеберлік
сыныптары, сегіз Зияткерлік мектептің зертханалары базасында Жаратылыстану
пәндері мұғалімдерінің тағылымдамалары ұйымдастырылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: