2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет68/174
Дата25.09.2022
өлшемі3,39 Mb.
#40157
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   174
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

 
6.5-кесте - 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының емтихан 
балдарын емтихан бағаларына ауыстыру шәкілі 
Баға 
Максимальды 
балл 30 болған 
пәндер 
үшін 
балдар 
Максимальды 
балл 40 болған 
пәндер 
үшін 
балдар 
Максимальды балл 
50 болған пәндер 
үшін балдар 
Максимальды балл 
60 болған пәндер 
үшін балдар 
"2" 
0-11 
0-15 
0-19 
0-23 
"3" 
12-19 
16-25 
20-32 
24-38 
"4" 
20-25 
26-33 
33-42 
39-50 
"5" 
26-30 
34-40 
43-50 
51-60 


119 
11-сынып білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтиханын өткізу 
туралы
 
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру 
ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды 
аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту 
туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 12 
мамырдағы №193 бұйрығының 41-тармағына сәйкес таңдау пәні ретінде «Қазақ 
әдебиеті» пәнінен тест тапсырады. 
Мектеп бітірушілер қорытынды аттестаттау үшін таңдау пәндері 
тізбесінен әдебиетті таңдаған жағдайда баға тек осы пән бойынша қойылады. 
5. Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні 
бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары 
Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен «Қазақ 
әдебиеті» пәні бойынша жүргізілетін элективтік курстың төмендегідей 
тақырыптары ұсынылады: 
1. «Абайтану» курсы. Негіздемесі: ұлы Абай шығармашылығын толық 
игерту арқылы поэзия құдіретін таныту, әлем әдебиетімен салыстыра отырып, 
қазіргі өмірмен байланыстыруға үйретеді. 
2. «Ыбырайтану» курсыНегіздемесі: Ыбырай Алтынсарин шығармаларын 
оқыту арқылы ұлттық құндылықтарға баулуға, адамгершілік-рухани тәрбие 
беруге жетелейді.  
3. «Шешендік сөз өнері». Негіздемесі: шешендік сөздің табиғатын 
танытып, айтылған ойды саралай білуге үйретеді, ұлттық құндылығымыз – 
шешендік сөздердің мағынасын түйсінуге, шешен сөйлеуге, орфоэпиялық 
норманы сақтап сөйлеуге баулиды. 
4. «Ұлы дала даналығы». Негіздемесі: ғасырлар бойы өзіндік 
ерекшелігімен сақталып, өркениетке жеткізген ұлтымыздың салт-дәстүрі, әдет-
ғұрпы, ұлттық тәлімінің қыр-сырын жас ұрпақтың санасына сіңіру арқылы туған 
еліне құрмет, сүйіспеншілік сезімдерін арттырады. 
5. «Әлем әдебиеті». Негіздемесі: әлем әдебиетінің озық үлгілерімен 
танысады, әдебиет дамуындағы жаңа бағыттар мен ағымдар негізінде жазылған 
шығармаларды талдап, шығармашылық ізденістеріне қолдана білетін жас 
буынды қалыптастырады. 
6. Тіл дамыту және сөйлеу мәдениеті.  Негіздемесі: оқушыларды көркем 
әдебиеттің озық үлгілерімен таныстырып, сол арқылы өз бетінше ойлай алатын
тұжырымдап қорытынды жасайтын, өзіндік пікірі қалыптасқан, дүниетанымы 
биік, шығармашылықпен жұмыс жасайтын дара тұлға қалыптасады. 
Шығармашылық жұмыстар арқылы сөздік қоры байыйды, сөз байлығының 
ішінен ұтымды тілдік құралдарды таңдап алып, оларды айтылмақ ойға және 
мәтіннің мазмұны мен мақсатына сай тіркестіре алуға, алған білім мен білік 
дағдыларын күнделікті өмірде қолдана білуге үйренеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет