Тақырыбы: «Оқушылардың сыни ойлау, шешендік өнер дағдыларын, логикалық дәлел, талдау жүргізуге бағыттау»
Директордың құқықтық-ісі жөніндегі орынбасары: Рамазан Р.Е.
Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, логикалық ойлауы дамыған жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру.
Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білімді игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан-жақты жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Оқытудың мақсаты оқушыларға білім беру ғана емес, сонымен бірге олардың ойлау қабілетін дамыту және белсендіру оқушылардың білімді, дағдыны меңгеру үшін, болашақта танымдық және тәжірибелік іс-әрекетке оқушыларды дайындау қажетті шарт болып табылады.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаевтың сөзімен алсақ: «Ойлау -жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».
«Сыни тұрғыдан ойлау» -сынау емес, шындалған ойлау оқушыға бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шындалып, дамып белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Бұл технология оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педогогикалық қызметтің, іс-әрекеттік жүйелі дамып отыратын жобасы ретінде оқушы белсенділігін арттыруды көздейді. Оқушы белсенділігінің артуы оны шығармашылыққа жетелейді. Шығармашылық қабілет баланың табиғатында болуы мүмкін. Біздің міндетіміз оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерді ашып көрсету.
Бұл модульде күтілетін нәтиже:білімнің болашаққа пайдаға асуы қажетке жарауы,көп ақпаратты талдай,жинақтай отырып,ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Жеті модульде кіріктірліген идеялардың барлығы сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған тәсілдер деп білемін.
Сыни тұрғыдан ойлау «ойлау туралы ойлану» деп сипатталған. Ол маңызды мәселелерді талқылау және тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды.
Сыни тұрғыдан ойлау-бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы пікір айтуға,баламалы шешімдерді қабылдауға,ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуға,ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сыни тұрғыдан ойлауға баулуды білдіреді.
Cын тұрғысынан ойлау бұл біздің ғасырға жетуімізге мүмкіндік беретін ерекше қабілет.Сыни тұрғыдан ойлауда идеяның ерекше болуы міндетті емес.біздің басқа біреудің идеясы мен нанымын өзіміздікі етіп қабылдауымызға толық құқығымыз бар.Біз тіптен, басқаның пікірімен келісуіміз керек болады да, бұл біздің құқымызды дәлелдейді.Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді. Сыни тұрғысынан ойлау принциптеріне негізделетін болса,әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіp құратын болады.Біз үшін басқа біреу сыни ойлай алмайды,біз барлығын өзіміз жасаймыз.Ақпарат сыни тұрғыдан ойлаудың соңғы емес,жіберілетін пункті болып табылады.
Білім адамның сыни ойлауы онсыз мүмкін болмайтын дәлелдемелерді тудырады. Кейде «басыңда түк жоқ болса ойлау қиын болады»деп айтып жатады ғой.Терең ойлау үшін фактілер мен идеялар,мәтіндер мен теориялар, мәліметтер мен концепциялар секілді көптеген «шикізаттарды» өңдеу керек болады.
Сын тұрғысынан ойлау сұрақтар қойып,шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтаудан басталады.Жалпы адамзат баласы тумысынан білуге құмар болып келеді. Балаларды диалог пен дәйектеуге, талқылауға тарту белсенді жүргізілген жағдайда олардың оқуға тиімдірек және зияткерлік жетістіктері оғары болатыны дәлелденген.
Шешендік өнер ғылым ретінде біздің жыл санауымыздан бес-алты ғасыр бұрын шығып қалыптасқан. Шешендік өнерді ғылыми тілде “риторика” дейді. Риторика ғылымының негізін салушы грек софисті Протогор деп есептеледі. Риторика дегеніміз - сендіре білу, яғни тыңдаушының сана-сезіміне барынша әсер ету, оның еркін билеп алу, ықпал ету, иландыру.
Шешендік өнер негізінен ақыл-ойға еркіндік кең жерде, халықтық-демакратиялық қоғамдарда өсіп өркендеген.
Шешендік өнер –ежелгі дәуірден белгілі пән. Сөз өнері ескі Грек, Рим заманында пайда болған.Ол дүниежүзіне әйгілі осы өнердің негізін қалаған Демосбен, Цицирон сияқты әрі саяси қайраткер, әрі әйгілі шешен адамдардың есімімен тығыз байланысты. Көне Грек, Рим шешендік өнері сол тұстың өзінде-ақ ғылым ретінде танылып , теория мен тәжірибеден өтіп шыңдалып келген.
Қазақтың шешендік өнерін тарихта, тарихи аңыздарда есімдері, сөздері сақталған Майқы би мен Аяз биден бастаймыз. Абай мен Мәшһүр Жүсіп растаған “ түгел сөздің түбі бір, түп атасы Майқы би” дейтін нақыл да оны қазақ шешендерінің басы деуге дәлел бола алады.
Қазақтың шешендік өнерінің екінші кезеңі Асан қайғы мен Жиренше шешен есімдерімен байланысты. Асан қайғының Әз Жәнібек ханды сынайтын толғауы, Жиреншенің Әз Жәнібектің сұрақтарына берген жауаптары және Қарашаш сұлумен әзілдесетін тапқырлық сөздері нағыз шешендік сөздердің үлгілері. Сондықтан да, қазақ шешендік өнері он екі –он үшінші ғасырларда Майқы би мен Аяз билерден басталып, Асанқайғы мен Жиренше шешендермен қалыптасып, он үшінші ғасырларда өркендей түскен.
Халқымыздың тарихына көз жүгіртсек, өмір бойы бітіп болмайтын жер дауы, жесір дауынан бастап тіршіліктегі дау-дамай атаулының бәрін билер шешкен. Небір қиын мәселелерді байыппен қарап, ақылға салып әділ шешімін, тура үкімін айтқан аузы дуалы, қадірменді адамды би атаған. Билік айтқан адам сөзге сұңғыла шешен болған.
“Шешендік нақылдар мен толғаулар – ділмар ата-бабаларымыздың алтыннан соққан сөз сарайы, тіл маржаны, ақыл-ойдың дариясы, қасиетті ата-бабаларымыздың келер ұрпаққа айтып кеткен кір шалмас ғұмырлы өсиеті”.
Шешендік өнерге біздің ғалымдарымыз, ақын-жазушыларымыз ерте кезден-ақ мән беріп зерттеу жасаған. Қазақтың шешендік тапқырлық, нақыл сөздерін алғаш жинап жариялаушы ғылымдардың бірі- Ы. Алтынсарин. Ол өзінің “ Қазақ хрестоматиясына” шешендік сөздерді енгізіп оқуға ұсынды.
Аса ірі зиялыларымыздың бірі-А. Байтұрсынов өзінің “ Әдебиет танытқыш” деген еңбегінде шешендік сөзге былайша талдау жасаған:
“а) мемлекет қайраткерлерінің белгілі бір мақсатпен дүйім жұртты аузына қаратып, нандырып , сендіріп сөйлегенін-саясаткер шешен сөзі,
ә) сотта айыпкер адамды ақтау, я қаралау мақсатымен сөйлеп, сот билігіне әсер ету үшін айтылған сөздер - билік шешен сөзі,
б) білімділердің, ғалымдардың мазмұнды сөйлегені -білімді шешен сөзі,
в) біреудің еткен еңбегін , өткізген қызметін халық алдында мақтап сөйлеген сөзі - қошамет шешен сөзі,
г) дін жайынан сөйлеген ғұламалар, молдалар сөзін-уағыз сөз”,- деп бөлген.
Шешендік өнерді ауыз әдебиетінің бір саласы ретінде алғашқы зерттеушілердің бірі - М. Әуезов. Қазақ әдебиетінің тарихын жасауға арналған “ Әдебиет тарихы” деген еңбегіне “ Билер айтысы” атты тарау енгізіп , шешендік сөздердің жалпақ елдің сыбағасына тиетін өнер туындысы екенін айтады.
Шешендік өнерді меңгертуге арналған сабақ, шешендік сөз бойынша өтетін тақырыптар үстірт түсіндіріле салмай, олардың әрқайсысының оқушының тілін дамытуда, сөздік қорын байытуда, әдеби тіл нормаларына сай сөйлеу, жазу дағдыларын қалыптастыруда тілдік сезімдер мен логикалық ойлау жүйесін жетілдіруде ерекше орын алатын амал тәсілдерін іздестіру қажет.
Шешендік сөздерді меңгерту үшін мұғалімнің алдына мынадай міндеттер қойылады:
сөздік қорын молайту;
синоним, омоним, антоним сөздерді айыра білу,
мәтіннен бейнелі, теңеу сөздерді табу;
астарлы, тұспалдап айтылған сөздердің мағынасын түсіну;