2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



Pdf көрінісі
бет96/174
Дата25.09.2022
өлшемі3,39 Mb.
#40157
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   174
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

4.Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың нормативтік 
талаптарына сәйкес бөлім бойынша жиынтық бағалаудың саны 
5-6-сыныптарда 1, 3, 4-тоқсанда екі жиынтық бағалау, 2-тоқсанда бір 
жиынтық бағалау жоспарланған. Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бөлім бойынша 
жиынтық бағалау саны 13.1, 13.2-кестелерде көрсетілген. 
13.1-кесте. «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны 
Сынып 
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны 
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
5-сынып 




6-сынып 




 
13.2-кесте. «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалау саны 
(төмендетілген оқу жүктемесімен) 
Сынып 
Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны 
1-тоқсан 
2-тоқсан 
3-тоқсан 
4-тоқсан 
5-сынып 




6-сынып 




 
5.Тәжірибелік 
зерттеу 
дағдыларын 
қалыптастыратын 
оқу 
мақсаттарын жүзеге асыру 
Сабақ барысында білім алушылардың байқау, ғылыми зерттеуді 
жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді 
зерттеушілік, ойлау, сөйлеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға 
ерекше назар аудару қажет. Мысалы, түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы, 
білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, бақылауды, эксперименттер 
жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және бағалауды, 
қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім алушының үйде, 
мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды түсінуі үшін, 
алынған білім мен дағдыларды күнделікті өмірде қолдану біліктерін дамытады. 
Мысалы, «Жаратылыстану» пәнін оқыту барысында білім алушылардың 
тәжірибелік зерттеу дағдыларын мына тараулар және бөлімшелер бойынша 
дамытуға назар аудару керек: 
5-сыныпта: 
- «5.1. Ғылым әлемі», «5.1.3. Зерттеуді жоспарлау», «5.1.4. Деректерді 
жинау және жазу», «5.1.5. Деректерді талдау», «5.1.6. Қорытынды және 
талқылау» бөлімшелері; 
- «5.2. Ғалам. Жер. Адам», «5.2.5. Жер бетін бейнелеу тәсілдері» бөлімшесі; 
- «5.3. Заттар және материалдар», «5.3.1. Заттардың түзілуі және алынуы» 
бөлімшесі; 
- «5.4. Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер», «5.4.2. Тірі табиғаттағы 
үдерістер» бөлімшесі; 


176 
- «5.5. Энергия және қозғалыс», «5.5.1. Энергия түрлері мен көздері», 
«5.5.2. Қозғалыс» бөлімшелері. 
6-сыныпта:
- «6.1 Ғылым әлемі», «6.1.5. Деректерді талдау» бөлімшесі; 
- «6.2. Жер. Ғалам. Адам», «6.2.5. Жер бетін бейнелеу тәсілдері» бөлімшесі; 
- «6.4. Тірі және өлі табиғат-тағы үдерістер», «6.4.1. Өлі табиғаттағы 
үдерістер», «6.4.2. Тірі табиғаттағы үдерістер» бөлімшесі;
- «6.5. Энергия және қозғалыс», «6.5.1. Энергия түрлері мен көздері», 
«6.5.2. Қозғалыс» бөлімшелері; 
- «6.6. Экология және тұрақты даму», «6.6.2. Тірі ағзалардың сан 
алуандығы» бөлімшесі. 
6.Үлгілік оқу жоспарының вариативтік компоненті есебінен оқу пәні 
бойынша жүргізілетін элективтік курстардың тақырыптары 
«Патриотизм және жаһандық құзыреттер» аясында 6-сыныптағы 
«Экологиялық мәдениет» курсының оқытуды «Жаратылыстану» пәнінің оқу 
мақсаттарымен кіріктіруге болады. Оқу бағдарламасы бойынша «Экология және 
тұрақты даму» тарауындағы «Экожүйелер», «Тірі ағзалардың саналуандылығы», 
«Табиғатты қорғау» бөлімшелерінің оқу мақсаттарын «Экологиялық мәдениет» 
вариативтік курсының мақсаттарымен кіріктіруге мүмкіндіктер бар. 
7.Оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде қарастырылатын 
тақырыптар 
«Жаратылыстану» оқу пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінде 
қарастырылуға мына тақырыптар ұсынылады: 
1. Білім алушылардың тәжірибелік зерттеу дағдыларының қалыптасуы мен 
дамуы бойынша мониторинг; 
2. «Жаратылыстану» пәні бойынша кіріктіріп оқытудың әдіс-тәсілдерін 
жетілдіру; 
3. Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту; 
4. Пәндік бақылау жұмыстарын ұйымдастыру; 
5. «Жаратылыстану» пәнін оқыту сапасы; 
6. «Жаратылыстану» 
пәні 
бойынша 
зерттеушілік 
жұмыстарды 
ұйымдастыру; 
7. Білім алушыларды «Жаратылыстану» пәні бойынша сайыстарға, 
конкурстарға дайындау және т.б. 
8. Пәнді оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру 
«Жаратылыстану» пәнін оқыту процесінің тәрбиелік әлеуетін арттыру 
ерекшеліктері бастауыш сыныптағы «Адам - Табиғат - Қоғам» тарауларындағы 
алған білімдерінің негізінде қоршаған орта түсінігін, экологиялық мәдениетті 
қалыптастыруға болады. Табиғаттағы құбылыстарды, үрдістерді жаратылыстану 
ғылымдар бағытында қарастыратын маңызды пәннің бірі. 
«Жаратылыстану» пәнін оқытуда білім алушылардың жоғары сыныптарда 
оқытылатын «Химия», «Физика», «Биология» пәндері туралы түсінігі 
қалыптасады. 


177 
Білім алушының бойында жер, қоршаған орта, табиғат туралы, оның 
алуантүрлілігінің себептері, халқы мен шаруашылық әрекеті туралы білім мен 
«адам – табиғат – қоғам – мәдениет» жүйесіндегі өмірлік құндылықтар 
меңгерілген жағдайда жаратылыстану ғылыми көзқарасы бар тұлға 
қалыптасады. 
Пәннің тәрбиелік әлеуетін іске асырудың үш басты бағытын көрсетуге 
болады: оқу материал мазмұнын іріктеу; сабақ құрылымын жетілдіру; қарым-
қатынасты ұйымдастыру. 
Жаратылыстану пәнінің тақырыптары арқылы ұлттық құндылықтар 
аясында патриоттық тәрбие мәселелері қарастырылады.
Оқу-тәрбие үдерісінде оқушыларға құндылықтар арқылы тәрбие беруді 
қалыптастырудағы 
өлкетану 
компонентті 
қосымша 
қамту 
негізінде 
жаратылыстану пәні география, биология пәндерімен тығыз байланысты.
Білім алушыларды болашақ мамандығын және әлеуметтік рөлін таңдауға 
көмектеседі және олардың жалпы мәдениетін қалыптастырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет