2022-2023 ОҚу жылында қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында


«ФИЗИКА» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 7-11-



Pdf көрінісі
бет97/174
Дата25.09.2022
өлшемі3,39 Mb.
#40157
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   174
Байланысты:
2022-2023 оқу жылының ӘНХ (1)

14. «ФИЗИКА» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, 7-11- 
СЫНЫПТАР 
 
1. Жалпыға міндетті білім беру стандартындағы оқу пәніне байланысты 
енгізілген өзгерістер мен толықтырулар 
«Физика» пәнін оқыту мақсаты - білім алушылардың ғылыми 
дүниетанымдық негіздерін, әлемнің жаратылыстану-ғылыми бейнесін тұтастай 
қабылдауын, өмірде маңызды практикалық мәселелерді шешуде табиғат 
құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы 
№ 348 бұйрығымен бекітілген Негізгі орта білім берудің және Жалпы орта білім 
берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес 7-11-сыныптарда 
«Физика» міндетті оқу пәні ретінде оқытылады.
Қазақстан Республикасы Ағарту ісінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 
бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті 
стандартының 24-тармағына сәйкес «Физика» пәні 10-11 сыныптарда 
жаратылыстану-математикалық бағыттағы тереңдетілген деңгейде, ал 27-
тармаққа сәйкес қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы стандартты деңгейде 
оқытылады.
Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 
348 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға 
міндетті стандартының 34-тармағына сәйкес 10-11-сыныптарда «Физика» оқу 
пәні бойынша екі оқыту бағыты бойынша сабақтар өткізу кезінде білім 
алушылар санына қарамастан қалалық, ауылдық білім беру ұйымдарында, 
шағын жинақталған мектептерде сабақ өткізу кезінде сыныпты топтарға бөлуге 
жол беріледі. 
2. Үлгілік оқу жоспарындағы оқу пәніне байланысты енгізілген өзгерістер 
мен толықтырулар


178 
Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесі ҚР Білім 
және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен 
бекітілген Үлгілік оқу жоспарларымен (Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 бұйрығымен толықтырулар 
енгізілген) жүргізіледі.
«Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын 
бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы 
№ 595 бұйрығына сәйкес білім беру ұйымдары меншік түрі мен нысанына 
қарамастан, үлгілік оқу жоспарын дербес таңдап алады. Сондықтан, Үлгілік оқу 
жоспарының түріне байланысты негізгі орта және жалпы орта білім беру 
деңгейінде «Физика» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің көлемі әртүрлі 
болуы мүмкін
.
Үлгілік оқу жоспарының түрлеріне қарай негізгі орта және жалпы орта 
білім беру деңгейлерінде «Физика» пәнін оқытуға бөлінген оқу жүктемесінің 
көлемі 14.1-кестеде көрсетілген. 
14.1-кесте. «Физика» пәні оқу жүктемесінің көлемі 
Сынып 
Жалпы жүктеме, сағат 
Үлгілік оқу жоспары
Үлгілік оқу жоспары
(төмендетілген оқу 
жүктемесімен) 
Апталық 
Жылдық 
Апталық 
Жылдық 


72 

36 


72 

36 


72 

36 
Міндетті пәндер 
Таңдау пәні 
10(ҚГБ) 

36 

72 
10(ЖМБ) 

72 

108 
11 (ҚГБ) 

36 

72 
11(ЖМБ) 

72 

108 
Оқу жылының ұзартылуына байланысты пайда болған қосымша 
сағаттарды қайталау, өткен материалды бекіту және күрделі тақырыптарды 
зерттеу үшін пайдалану ұсынылады. 
Оқу жүктемесі төмендетілген Үлгілік оқу жоспарына сәйкес (Қазақстан 
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 26 қаңтардағы № 25 
бұйрығымен толықтырулар енгізілген) 7-9-сыныптарда 1 сағат көлемінде 
оқытылатын «Физика» пәні бойынша вариативті компоненттен 2 сағат алуға 
мүмкіндік берілген: 
1) оқу пәндері: «Алгебра», «Физика» және инвариантты компоненттен 
таңдалатын бір пән;
2) оқу пәндері: «Химия», «Физика» және инвариантты компоненттен 
таңдалатын бір пән.


179 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет