1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет111/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

КАССИРЕР, Эрнст Кассирер (1874–1945) — неміс ойшылы, 
неоканттық Марбург мектебінің өкілі. Өнердің түрлі 
салаларын ол «символикалық формалар»
деп танып (тіл, миф, 
дін, өнер, ғылым, тарих), оларды бір-бірінен өзгеше, 
біріктіруге келмейтін білім салалары деп есептейді. Өнер 
символизімінің ең жоғарғы сатысы ретінде адамды ең биік 
мағынадағы адам ұғымына көтереді. Шығармалары: «Ақиқат 
және таным», «Символикалық формалардың философиясы», «Адам туралы 
тәжірибие. Адамзат мәдениеті философиясына кіріспе» және т.б. 
КИНДИ, Әбу Юсуф Якуб ибн Исхак ибн Саббах әл-Кинди 
(ш.801–873) — Басрадан шыққан атақты арабтың математигі, 
философ, ғалым және астролог. Ол метафизика, логика, этика, 
математика, астрология, медицина, метеорология, оптика, 
музыка салалары бойынша 250-ге тарта трактаттардың 
авторы. Аристотельдің он категориясының орнына әл-Кинди 
бес категорияны рухани түпнегіз етіп алуды ұсынады. Олар: материя, 
форма, қозғалыс, кеңістік және уақыт. Өзінің ғылыми ізденістерін әл-
Кинди астрологиямен – болашақты болжау ісімен ұштастыруға ұмтылған.
КИТАРО, Нисида Китаро (1875–1945) — қазіргі заманғы 
жапон философиясының басты өкілі. Шығармалары: 
«Ізгілікті 
тану», 
«Бейболмыстың 
сана 
шеңберіндегі 
анықтамасы», т.б. Мақсаты – Шығыс мәдениетінің 
ерекшелігін тану болды, ол – оның философиясында жатыр. 
Қарастырған проблемалары – «Сана проблемасы», «Ойлау 
мен тәжірибие», «Ойлаудан түсінікке ауысу», «Өзіндік сана 
мен терістеудің шектелуі және жапон мәдениетінің проблемасы» болды. 


288 
КОЛЛИНЗ, Энтони Коллинз (1676–1729) — атақты ағылшын 
философы. Басты шығармалары: «Адамның еріктігі 
жөніндегі философиялық зерттеулер», «Ерікті ойлау жөніндегі 
қағидалар» және т.б. Ол өз еңбектерінде адамның еріктілігіне 
қарсы шығып, адам – қажеттіліктің пендесі деген 
философиялық-дүниетанымдық пікірге келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет