КОНДИЛЬЯК,Этьенн Бонно де Кондильяк (1715–1780) —
аббат, француз философы. Оның ағасы – белгілі Мабли аббат.
Көбінесе таным мәселесіне көңіл бөлді. Басты идеялары: дүниені тануға болады; адам қоршаған дүниені өзінің таным
қабілетіне (сезіміне, ақылына) сай тани алады; қоршаған дүние
– барлық білім көзі; таным негізінде сезімдік қабылдау жатыр;
сезімдік қабылдау болмай, рационалдық таным өзінше дербес
бола алмайды.
КОНТ,Исидор Мари Огюст Франсуа Ксавье Конт (1798–
1857) — француз философы әрі социологы. Позитивизмнің
көшбасшысы. Социологияны жеке өз алдына қарастыратын
ғылым ретінде негізін қалаушы. Шығармалары: «Курс
позитивной философии» (1830—1842) және «Система
позитивной политики» (1851—1854).
КЛЕОБУЛ, Клеобул Линдский (б.д.д. VIғ. 1-ші жарт.) —
грек ойшылы, әйгілі жеті данышпанның бірі. Зорлық-
зомбылық ауыздықталып, бұқара жұртшылық шынайы
демократия мен бостандықтың шырын дәмін татады, яғни ол
өзінің осынау қайраткерлік тәжірибиесі арқылы дана
басқарған ел озатының дүлей басқарса тозатынын дәлелдеп
кеткен.
КОПЕРНИК,Николай Коперник (1473–1543) — поляк
арасынан шыққан астроном, математик, экономист,
каноншы. Ғылыми революцияның бастамасы болған әлемнің
гелиоцентристік жүйесін алғаш айтқан. Шығармалары: «Аспан
сфераларының
айналуы».
Астрономиялық
зерттеулерге сүйеніп, болмыстың мына бейнесін көрсетті:
Жер Әлемнің орталығы емес (геоцентризмді теріске
шығарды), Жер Күнді айналады (гелиоцентризм), барлық
ғарыштық денелер өз траекториясымен қозғалады, ғарыш шексіз, ғарыштағы
құбылыстарды табиғат заңдылықтарымен түсіндіруге болады.