1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет109/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

КАЛЬВИН, Жан Кальвин (1509–1564) — француз Құдай-
сөзінің 
білгірі 
(богослов), 
шіркеу 
реформаторы, 
кальвинизмнің негізін қалаушы. М.Лютердің ізбасары, оның 
идеяларын 
бір 
жүйеге 
келтіріп 
жалғастырушы. 
Шығармалары: «О христианской философии», «Сон душ», 
«Наставление в христианской вере», «Катехизис», «Послания 
к Римлянам» және «Небольшой трактат о Святом причастии». 
Негізгі идеясы: протестантизм идеясының негізі – алдын ала 
білу (жазмыш, тағдыр) идеясы; Кальвин Лютердің идеяларын бір жүйеге 
келтірумен, әрі өзінің теориялық діни-философиялық ілімімен бірге 
протестантизмді практикада, іс жүзінде жүзеге асырды; 


286 
КАМПАНЕЛЛА, Томмазо Кампанелла (1568–1639) — 
итальяндық философ және жазушы, алғашқы утопиялық 
социализм өкілдерінің бірі. Ол философия, жаратылыстану 
мәселелерін әлеуметтік мәселелермен байланыстыра білген, 
Испания монархиясына қарсы күрескен, сол үшін отыз 
жылдай түрмеде отырған монах. Шығармалары: «Күн 
қаласы», «Галилей апологиясы», «Метафизика», т.б. «Күн 
қаласында» оның тұрғындары – солярийлер әлеуметтік 
әділеттілікті орнықтырып, өмір мен мектептің рахатын көреді. Кампанелла 
гилозоизм (барлық нәрсенің жаны бар деген түсінік) идеясын универсумға 
қолданады: «Әлем – үлкен тірі мақұлық, біз оның ішінде құрттар секілді өмір 
сүреміз, теңіз – жердің тері». 
КАМЮ, Альбер Камю (1913–1960) — француз жазушысы 
(әдебиетшісі), публицист, әрі философы, экзистенциализм 
өкілі, көзі тірісінде «Батыстың ар-ұяты» деген атқа ие болған. 
1957ж. әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығына ие 
болған. Шығармалары: «Сизиф туралы аңыз», «Бүлікшіл 
адам», «Бөгде», «Індет», «Құлау», «Калигула», «Жаңылыс», 
т.б. Ол адамның еркіндігі мен құқықтары туралы мәселелерді 
көтеріп, гуманистік тұрғыдан шешуге, сөйтіп адамды еркіндік пен сұлулық 
жолын таңдауға, жан-жақты рухани дамуға шақырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет