1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


МАЙЛИН, Бейімбет (Бимағамбет) Майлин



Pdf көрінісі
бет123/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

МАЙЛИН, Бейімбет (Бимағамбет) Майлин (1894–1938) 
— қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін 
қалыптастырушылардың бірі. Өз уақытында пролетарлық-
социалистік идеяны жақтаушылардың бірі. 1938ж. жазықсыз 
тұтқындалып, қызыл қырғын саяси репрессияның құрбаны 
болды. Ол поэзия, проза, драма саласында бірдей өнімді 
еңбек еткен, шығармалары философиялық толғамдарға толы 
қаламгер.


298 
МАКИАВЕЛЛИ, Никколо Макиавелли (1469–1527) — 
итальяндық ойшыл, жазушы, тарихшы, саяси қайраткер 
(Флоренцияда мемлекеттік хатшы қызметін атқарған). 
Мемлекеттік биліктің күшті болуын жақтаған, өзінің 1532ж. 
жазған (Мемлекет билеушісі) «Государь» атты еңбегінде ол 
үшін мемлекет барлық қадамдарға бару керегін басып айтқан, 
Макиавелли 
сондай-ақ 
бірқатар 
әскери-теоретикалық 
еңбектердің авторы. Шығармалары: «Билеуші және Тит 
Ливидің бірінші декадасы туралы пікірлер», «Олардың принциптері», т.б. 
Оның шығармалары негізінде саяси іс-әрекет тәртібін жүйелеп, 
христиандыққа дейінгі Рим империясының этикасы мен күшін дәріптейді. 
Мемлекеттің қайсысы болса да, римдіктердің күші мен ұлылығы сияқты 
қасиетке ие болуы үшін, өз іс-әрекеттерінде дұрыс деп тапқан тиісті 
шараларды қолданулары қажет. Ал бұл жолда әдептілік қағидалары мен 
азаматтық бостандық ығыстырылып, ескерілмей қалса, онда тұрған ештеңе 
де жоқ, билеуші оған көңіл бөлмеуі керек. Макиавеллидің бұл ілімі 
«макиавеллизм» деп аталып кеткен, саясатта өз мақсатына қалай жетсең де 
дұрыс деген қағиданың қалыптасуына әкеліп соқты. 
МААРИ, Әбу-л әл-Маари (973–1057) — Сириядан шыққан философ және 
ақын. Әл-Рази сияқты Маари де дін алдауға негізделген деп есептейді. Әр 
халықтың өз діні бар және өз жолдарын дұрыс бағыт деп санайды. Бірақ олар 
қателеседі, ал бұл адасушылық көптеген ғасырлар бойы өмір сүріп келе 
жатқан дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар арқылы бекітіледі. Дін әдетте надандық 
пен фанатизм есебінен гүлденеді. Ғылым онымен салыстырғанда білімге 
негізделеді және ғалымдар мен оқыған адамдар арасында кеңінен таралады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет