1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет131/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

МЭН ЦЗЫ, (Мэн Кэ) (шам. б.д.д.372–289) — атақты қытай 
ойшылы, Конфуцийдің (Конфуциандықтың) жолын қуушы. 
Конфуцийдің қазасынан кейін оның ілімі 8-тармаққа бөлініп 
кетті. Олардың ішіндегі ең негізгілері идеалистік бағыттағы 
Мэн-цзы мектебі мен материалистік бағыттағы Сюнь-цзы 
мектебі. Мэн-цзы Конфуций ілімдерін жинақтап, бір жүйеге 
түсірумен ғана емес, сондай-ақ жаңа ойлармен толықтырьш 
отырған. Негізгі шығармасы: «Мэн-цзы». Оның пікірінше, 
таным процесінің негізі сезімдік қабылдауда емес, оның ақыл-ойында, 
парасатында. Мэн-цзы мораль және этика адамның туа біткен табиғатынан 
шығады. Этикалық-моральдық ұстанымдар адамның табиғатынан әрі 
жоғарғы күш иесі «Көк-Аспаннан» дегенді алға тартады. Ол бір жағынан 
адамның тұқым қуалаушылық жолымен келетін қасиеттерді де жоққа 
шығармайды.
НАСР, Сейид Хосейн Наср (1933) — қазіргі заманғы атақты 
иран-мұсылман философтарының бірі. Ол – дін, ғылым, 
соның ішінде ислам ілімдері саласы бойынша қалам тартқан 
ғұлама. Иранда философиялық ойдың негізінде екі бағыт 
қалыптасқан, оның біріншісі – Хайдегерлік бағыт. Оның 
негізгі өкілі Ахмад Фабрибидің, ал екінші бағыт – 
С.Х.Насрдың есімдерімен байланысты. Исламды түсіну 
дегеніміз – ол осы принциптерді мойындау болып табылады. 
Наср ислам мәнінің үш деңгейін – әмбебаптық, антропологиялық, 
гносеологиялық деңгейін көрсетіп берді. Шығармалары: «Үш мұсылман 
данышпаны», «Ислам космологиялық доктриналарына кіріспе», «Исламдағы 
ғылым мен өркениет»,
«Исламдық тіршілік пен дүниетаным», «Ирандағы 
исламдық интеллектуалдық тарих», т.б. 


305 
НЕРУ, Джавахарлал, Пандит (Ғалым) Неру (1889–1964) 
— Үнді Ұлттық Конгресінің және Үнді ұлт-азаттық 
қозғалысының сол қанатындағы көшбасшы-лидерлерінің 
бірі, 15 тамыз 1947 жылы Үндістан өз Тәуелсіздігін 
алғаннан кейінгі тағайындалған елдің алғашқы премьер-
министрі. Елдің ішкі саясатында Неру Үндістан халқын 
ынтымақ-бірлікке шақырды, мұсылмандар мен үндістерді, 
билік үшін жауласып жүрген саяси партияларды бір 
ымыраға келуге шақырды, ал экономикада – жоспарлау принциптері мен 
рыноктық экономикаға жол бастауға шақырды. Философиялық афоризмі: 
«Ақиқат құдықтың түбінде жатады, бетіндегінің бәріне өтірік билік 
жүргізеді. Кейде жасырын түрде, кейде ұят дегенді сыпырып тастап 
ашықтан-ашық». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет