1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет141/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

РУССО, Жан-Жак Руссо (1712–1778) — француз жазушысы, 
ағартушы, ойшыл, композитор. Ол осы күнге дейін ұстанып 
отырған, айталық Швейцариядағы сияқты мемлекеттің 
халықты басшылыққа алудағы тікелей билік ету формасын 
қарастырды. Француз ағартушылық ағымының шеңберінен 
шыға алмаса да, оның негізгі идеяларымен келіспеді. 
Шығармалары: «Теңсіздіктің себептері туралы», «Қоғамдық 
келісім туралы», «Эмил немесе тәрбие туралы». Әлеуметтік 
теңсіздікті жоюдың бірден-бір жолы, Оның ойынша, бәсеке бостандығы 
арқылы адамдардың табиғи құқықтарының (өмір сүруге, ерікті болуға, 
меншік иесі болуға) қанағаттандырылуына мүмкіндік беретін жағдайлар 
жасау. Мемлекеттің негізгі міндеті – бейбітшілік пен әділеттілікті сақтау. 
Оның теңсіздік, «қоғамдық келісім» туралы пікірлері көп елдің саяси, 
рухани өмірінде мемлекеттік құқық, тәрбие т.б. әлеуметтік құбылыстардың 
қалыптасуына үлкен әсер етті.
РУШД, Әбіл Уалид Мухаммед ибн Ахмет ибн Рушд 
(Аверроэс) (1126–1198) — атақты батысараб философы, 
шығыс перипатетизмінің өкілі, теолог, заңгер, дәрігер, 
математик. Батыс Европада ол Аверроэс деген атымен 
танымал. Оның замандастары былай деген екен: «Аристотель 
табиғатты түсіндірсе, ал Аверроэс Аристотельді түсіндірген». 
Оның кітабы «Терістеуді терістеу». Білім мен сенімнің 
арасындағы шекараны анықтауға талпынады және оның ақыл күшіне деген 
сеніміне қарағанда, онда шекара дерлік жоғалады. Ол әлемнің мәңгілігі мен 
жеке жанның өшпейтіндігін теріске шығару туралы сенімге келеді. Егер 
философия мен дін ақиқатқа үйрететіні рас болса, онда, олардың арасындағы 
алауыздық түпнегізге соқтықпауы керек. Контрастылық жағдайында діни 
мәтінді ақығла сай түсіндіру қажет, өйткені ақиқат біреу және ол қисынды. 
Қосарланған ақиқат болмайды.
САМНЕР, Клод Самнер — эфиопиялық философ, оның үш 
томдық эфиопия философиясының тарихы, үш томдық адам 
философиясы және т.б. жөніндегі еңбектері бар. Ол өзінің 
«Эфиопиялық ой» деген еңбегінде эфиопиялық жазу 
философиясының үш кезеңін көрсетеді. Самнер тек Эфиопия 
халқы үшін ғана емес, әлемдік философиядағы орны бар тұлға 


314 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет