315
қоғамдық
процестерді реттеу, адамдардың бақытқа жету жолдарын зерттеу
жағынан бағалады.
СЕНГОР,
Леопольд Седар Сенгор (1906–2001) — атақты
философ, ақын, көрнекті мемлекет
қайраткері әрі саясаткер,
Сенегал
мемлекетінің
алғашқы
президенті,
жалпы
африкалықтардың рухани атасы. Оның ойынша, африкалық-
негрлердің шығармалары мың, екі мың жыл бойы өз
маңызын жойған жоқ. Жергілікті халықтардың шексіз де
терең сезімділігі олардың негізгі идеясы болып табылады.
Сенгордың
«Африкалық негрлер психологиясы» атты еңбегі
африкалықтардың «сезімділік күштілігін» дамытады. «Әсемдіктің»,
«игіліктің», «болмыстың» ақиқаттылығына
байланысты сұрақ туғанда,
африкалық негр адам грек үлгісінде поэзия тілін, Хайдеггер ойларын,
символикалық образдарды,
аллегорияларды, метафораларды қолданады.
Сенгор
ежелгі
грек
философтарынан
өзінің
көзқарасына
сай,
африкалықтардың мәнін ашатын идеялар іздейді. Мысалы, олар тәжірибиені
қолданатын адамдар болғандықтан, индукцияға икемді, себебі сезімдік
негізде ойлау мен ой жүгірту оңайға соғады.
Достарыңызбен бөлісу: