САНТАЯНА,Джордж Сантаяна (1863–1952) — тегі испандық американ
философ-жазушысы, сыни реализм өкілі. Негізгі идеясы: философияның
мәнін әлемді теоретикалық тұрғыдан түсіндіруден гөрі, әлемге деген
моральдық-эстетикалық қатынасты қалыптастыруынан іздеу керек деп
түсінген. Шығармалары: «Болмыс әлемдері», «Үстемдік пен билік» және т.б.
САРТР,Жан-Поль Шарль Эмар Сартр (1905–1980) —
француз философы, атеистік экзистенциализмнің өкілі
(1952–1954ж.ж. Сартр марксизм позициясына жақын болды),
жазушы, драматург әрі эссеист, педагог. 1964ж. әдебиет
саласы
бойынша
Нобель
сыйлығының
лауреаты.
Шығармалары: «Воображение», «Воображаемое», «Бытие и
ничто», «Экзистенциализм - это гуманизм», «Ситуация» 1-6 т.
және т.б.
СВАМИ, Вивекананда Свами (1863–1902)
(монах
дәрежесіне өткенге дейінгі есімі – Нарендранатх Датта) —
көрнекті үнді философы және қоғам қайраткері. Свами
Вивекананданы веданта философиясының ең әйгілі және
ықпалды рухани көшбасшысы ретінде миллиондаған үндістер
құрмет тұтады. Ол Шри Рамакришна Парамахамсаның басты
шәкірті әрі Рамакришна Ордені (Рамакришна Матх) мен
Рамакришна Миссиясының негізін қалаушы болған.
СЕЙФУЛЛИН,Сәкен (Садуақас) Сейфуллин (1894–1938) —
қазақтың
көрнекті
жазушысы,
қазақ
әдебиетін
қалыптастырушылардың бірі, мемлекет және қоғам
қайраткері. Сәкен және оның серіктері де социалистік жүйені,
оның идеялық дем берушісі коммунистік партияны
халықтарға бақыт пен бостандық әкелуші деп сенді. Алайда,
қызыл империялық озбырлық Сәкеннің де, Сәкен сияқты
жүздеген-мыңдаған боздақтардың да, керек десеңіз, мүлде
басқа жолдарды таңдаған ұлтжандылардың да армандарын қиялға
айналдырып, өмірлерін қасіретке тап қылды.