318
мәдениеті жөнінде көптеген мағлұматтар алады.
Шығармалары: «Кешкі
әуендер», «Таңғы әуендер», «Ақынның тарихы» және т.б.
ТЕЙЕР ДЕ ШАРДЕН,
Пьер Тейяр де Шарден (1881–1955)
— француз теологы және философы, священник-иезуит,
ноосфера теориясын құрушылардың бірі. Палеонтология,
антропология, философия және католиктік теология бойынша
ғылыми жаңалықтарымен танымал. Оның есімі философия
ғылымында
христиандық
эволюционизм
тұжырымдамасымен байланысты.
Шығармалары: «Құдай-
Орта» (1927), «Адам құдыреті» (1955) және т.б.
ТОЙНБИ,
Арнольд Джозеф Тойнби (1889–1975) — британ
тарихшысы, философ әрі социолог-ғалымы, онекітомдық
салыстырмалы
өркениет тарихы бойынша жазылған
«Тарихты игеру» (Постижение истории) атты еңбектің авторы
(локальді өркениеттер тұжырымдамасымен белгілі).
Басты
идеясы: Қазіргі адамзаттың дағдарысынан шығу жолын
ойшыл Бүкіл дүниежүзілік рухани бірліктен көреді. Ал ол
үшін дүниежүзілік діндердің аса қадірлі жақтары біріктіріліп, бірегей
Дүниежүзілік дін дүниеге келуі керек. Сонда ғана әр түрлі
цивилизациялардың басы бірігіп, бүкіл адамзаттың әрі қарай дамуына жол
ашылады, - деп санайды.
Достарыңызбен бөлісу: