1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі


СКОВОРОДА, Григорий Саввич Сковорода



Pdf көрінісі
бет146/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

СКОВОРОДА, Григорий Саввич Сковорода (1722–1794) — 
орыс және украин философы,
ақын әрі педагог. Өзінің діни-
философиялық (христиандық) көзқарастарын ол мына 
шығармаларында айтып кетті: «Начальная дверь ко 
христианскому благонравию», «Израильский змий», «Жена 
Лотова» т.б. Ал, бақыт жайлы өзінің пікірлерін «Дружеский 
разговор о душевном мире» және «Алфавит мира» сияқты 
шығармаларында айтса, әдеби шығармаларына «Харьковские 
басни», «Благодарный Еро-дий», «Убогий жаворонок» және т.б. өлеңдерінде 
өзінің ойлары көрініс тапқан. 
СКОТ, Дунс Скот (1268–1308) — шотланд схоласты. Оның 
пікірінше, философия қарастыратын негізгі мәселе болмыс 
болғандықтан, ол рухани түпнегізді танып-біле алмайды, ал 
діннің пәні рухани түпнегіз болғанымен, оны нақты дәлелдей 
алмайтынына қарамастан, оның айтқандарына күмәнданбай 
сену керек. Оның ілімі скотизм деп аталған өзінің мектебі 
өкілдеріне үлкен әсер етті. 
СЮНЬ-ЦЗЫ (шам.б.д.д.313ж. – б.д.д.238ж.) — Сюнь Куан
конфуцийлік дәстүріндегі ұлы қытай ойшылы. Негізгі 
шығармасы: «Сюнь-цзы» трактаты. Адам мәнінің ерекшелігі 
туралы пайымдағанда, оның әлеуметтік мәнін айқын 
түйсінген: «Адамның күші өгіздің күшінен кем, жүгіру 
қабілеті жылқыдан төмен, бірақ ол жылқыға да, өгізге де 
жұмыс істетеді. Неліктен бұлай? Оның жауабы: адамдарда 
бірге өмір сүру қабілеті бар, ал өгіз бен жылқыда ондай 
қабілет 
жоқ». 
Бұл 
қорытынды, 
біздіңше, 
классикалық 
қытай 
философиясында адам мәнін ұғынудағы маңызды саты болған. Батыстық 
философияда бұл идеяны дәл осындай айқын түрде Аристотель айтқан еді. 
Оның пікірінше, әлемде тұратын адамдардың бірге тұрмауы мүмкін де емес 
екен. Бұдан адамдардың бірге тұруының, яғни қоғамның негіздерін түсінуге 
талпынған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет