321
ғылымның дамуы тездейді. Ғылыми теорияларда пайдаланылатын терминдер
әрбіреуінде тек өзіне ғана тән мазмұнға ие болады. Бұл теориядағы
терминдер
екінші теорияға енгізілсе, олардың мазмұны дереу өзгереді.
Сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып баға беру мүмкін емес.
ФЕЙЕРБАХ,
Людвиг Андреас фон Фейербах (1804–1872) —
атақты немістің классикалық философы, материалист,
қылмыстық құқық бойынша маман-криминологтың баласы.
Шығармалары: «Христиан дінінің мәні», «Діннің мәні»,
«Гегельге қарсы сын», «Болашақ
философиясының негізгі
қағидалары» және т.б. Философияның
негізгі міндеті –
табиғатты зерттеп, оның адамға
тигізер әсері негізінде
адамның осы өмірдегі мән-мағынасын түсіну.
ФИХТЕ,
Иоганн Готлиб Фихте (1762–1814) — неміс
философы. Субъективтік идеализмнің
негізін қалаушы және
неміс
классикалық
философиясы
өкілдерінің
бірі.
Философиялық ілімдер ғылымдар теориясы (ғылымдар туралы
ілім) ретінде қандай да болмасын білімнің негізін көрсетулері
керек деген пікірді өз ілімінің басты қағидасы етіп алған
ойшыл.
Шығармалары: «Ғылым туралы ілім», «Адамның
міндеті», т.б. Ол «өзіндік затты» танып-білуге болмайды деген
пікірді мойындамайды және оны сынға алады. Оның пікірінше,
әрекетшіл
«
Мен» әр уақытта да өзінің қарама-қарсысының әсерімен қозғалысқа және іс-
әрекетке түседі. «Меннің» себепсіз іс-әрекеті - оның қызметі мен алдындағы
мақсатының өзара қарамқайшылықтарын қайта-қайта қалпына келтіру
процесі. Былайша,
бір кедергіден өтіп, оны жойған кезде, екіншісі пайда
болады, сөйтіп шексіз кете береді.
Өзінің осы тәсілін «антитетикалық»
Достарыңызбен бөлісу: