Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)
Сабақ басы (7 мин)
Сабақтың ортасы
( 10 мин)
Сабақтың аяғы ( 6 мин)
|
Оқушылармен амандасып,
Түгендеу, сабаққа дайындығын бақылау.
Оқушыларға слайд арқылы жасөспірім қылмыстарының шығуы және алдын алуы туралы мағұлмат беру
Ситуациялық сұрақтар:
1. Бір елдің емес, барлық әлемнің президенті болдыңыз делік, алдымен адамдардың қандай қылмысы үшін ең ауыр жаза белгілер едіңіз?
2. Сенің досың Мұрат өтірікті көп айтады. Ол ата-анасын да, ұстазын да, достарын да көп алдайды. Сен оған қандай ақыл-кеңес берер едің?
3. Сен бір сыныптасыңның ұрлық жасағанын көріп қалдың. Ол саған енді ұрлық жасамайтындығын айтып, ешкімді айтпауымды өтінді. Сен не істер едің?
Көшедегі көрініс:
Армат: Айболат бүгін Мараттың туған күні ғой, білесің бе?
Айболат: Ия, ия, жүр, ендеше солай қарай барайық.
Айболат: Кеттік, жолшыбай Бекжолға соға кетейік, ол да барар мүмкін.
Армат: Бекжол, біз туған күнге бара жатырмыз. Бізбен бірге жүрсеңші.
Бекжол: Жоқ, мен әуелі ата – анама ескертуім керек, әйтпесе алаңдайтын шығар.
Айболат: Ту, ата – анаңа ескертіп не істейсің, біз секілді айтпай кетіп қалмайсың ба, сұрансаң жібермей қалады.
Бекжол: Жоқ, балалар, мені жібермейді бара алмаймын. Бірнәрсеге душар болып қалармыз.
Армат: Онда өзің біл, ертең «көп қызықтан қалдым» - деп өкініп жүр ме.?
Сұрақ: Балалар қандай қателік жіберді? Кімдікі дұрыс деп ойлайсыз?
Мақал-мәтелдің жалғасын тауып, түсінік беріңіз
Біреуге ор қазба …
Ұрлық түбі …
Қолыңмен істегенді …
Жақсыдан үйрен, жаманнан...
|
Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді, мектеп партасындағы қатарлары бойынша орындарына отырады.
Оқушылар қойылған сұрақтарға жауап береді
Оқушылар көрініс қояды
Оқушылар мақал-мәтелді аяқтап түсінік береді.
|
Компьютер
Презентация
Слайд
Қағаз
маркер
|