ВАЙШЕШИК ЖҮЙЕСІ (ерекше, типтік) — б.д.д.Vғ. қалыптасқан мифтік-
философиялық көзқарастар жиынтығы. Вайшешиктер негізін Канада атты
дана қалаған. Ньяя іліміне үндес, жеке Мені құтқаруға арналған көзқарас.
Немесе – ортодоксальді үнді философиясындағы мектептердің бірі.
Атомистикалық ілімге негізделген онтологиялық мәселелер, жан туралы ілім
қарастырылады.
ВАКХАНАЛИЯ — ежелгі грек және рим мифологиясындағы Вакх деп
аталатын өсімдіктің, шарап пен көңілділіктің құдайы, жүзім өсіру мен шарап
дайындаудың пірінің құрметіне арналған мейрамдық рәсімдер.
ВАРНА — ертедегі үнді қоғамындағы әлеуметтік қауымдастықтың аты.
ВАХДАТ ӘЛ-ВУДЖУД — болмыстың бірлігін көрсететін исламдық
тұжырым. Әл-Ғазалидің, ар-Румидің, Ибн Арабидің сопылық ілімінде кең
қолданылған.
ВЕДАЛАР (санкскр. «киелі білімдер») — тайпалық қоғам ыдырай бастаған
кезде таралған мифтер, ежелгі үнділердің мифологиясын, космологиясын,
әлеуметтік қатынастарын қамтитын діни және философиялық гимндердің,
табынудың, жалбарынудың, өлең айтудың, құрбандық шалу рәсім-
салттарының жиынтығы. Немесе барлық көне және қазіргі Үндістан
философиясынан шыққан мәңгілік діни ашылым деп есептелген ең көне
үнділік діни жазулардың жинағы. Б.д.д. XVғ.ғ. Орта Азия, Еділ жағалауы,
Ираннан Үндістанға келген арийлер тайпасының жасаған діни-
философиялық трактаттары, үндідегі ең көне діни жазулар: Ригведа,
Яджурведа, Самаведа, Атхарваведа. Ведаларға әр түрлі мәліметтер
(комментарийлер) жинағы брахмандар, араньяктар, упанишадтар қосылды.
ВЕДАНТА — ортодоксальді ағымдағы ең ірі үнді философиясындағы
мектеп. Рухани бастама түріндегі түпнегіз, субстанция мәселесі.
ВЕРИФИКАЦИОНИЗМ — ғылыми ақиқат, оның деректері эмпирикалық
тексеру арқылы айқындалады деген әдістемелік тұжырымдама .