1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет205/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

ӨНЕРДЕГІ КЕҢІСТІК пен УАҚЫТ — эстетика тарихында өнердің 
түрлерін жүйелеп беретін үғым. Кеңістік өнер, онда қозғалыс көп көрініс 
таппайды (архитектура, скульптура, живопись, графика), уақыттық өнер 
(музыка, балет, драма, пантомимо т.б.) деп жүйеленген. 
ӨРКЕНИЕТ (латынш. «цивилис» азаматтық, мемлекеттік) — тарих, 
антропология, мәдениеттануда кеңінен қолданылатын ұғым. Өркениет 
ұғымы антиктік қоғамның жабайы ортадан сапалық ерекшелігінің 
анықтамасы ретінде сонау көне дәуірде пайда болды. ХІХғ. Ағарту дәуірінде 
әлеуметтік мәдени дамудың ең биік сипаттамасы ретінде қолданылды. ХХғ. 
О.Шпенглер мен А.Тойнби еңбектерінде бұл термин анық көрінген 
ерекшелігі бар жергілікті қауымдастық мағынасы, яғни «тарихи 
өркениеттер» (Қытай, Вавилон, Түркі, мұсылман, ортағасыр т.б.). Соңғы 
кездері өркениет - бір аймақта тұратын халықтардың тарихи тағдырластығы, 
олардың арасындағы ұзақ та тығыз мәдени байланыс нәтижесінде әлеуметтік 
ұйымдасуы мен реттелудің – заңдық және саяси жүйелерде, шаруашылық 
түрлері формаларында, дін, философия, ғылым, білім жүйесі, көркем 
шығармашылықта – этноаралық жергілікті қауымдастық деген анықтама 
берілген. 
ПАЙЫМ (орысш. - рассудок) — ойлаудың бастапқы деңгейі, бұл деңгейде 
абстракциялы, абстрактты ойлау өзгермейтін схема, қатаң стандарт, қалыпты 
жағдайда жүреді. Пайымның негізгі функциясы – бөлу, жіктеу, санау. 
Зердемен қарағанда төмен тұратын ойлаудың сатысы. Г.Гегельдің пікірінше, 
пайым қарама-қарсылықты танып, шешуге қабілетсіз. 
ПАНТЕИЗМ (гр. т. ауд. - барлығы және Құдай) — Құдай бүкіл әлемде 
болады, сондықтан әлем және құдай бірдей нәрселер дегенді айтатын діни-
философиялық доктрина. 
ПАНТЕОН (грекш. – барлық құдайлар) — антиктік діндердегі «барлық 
құдайлардың храмы», олардың ішінде ІІғ. діни идеологияны қалыптастыру 
мақсатында салынған Рим пантеоны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   201   202   203   204   205   206   207   208   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет