374
ПОСТСТРУКТУРАЛИЗМ
—
структурализмнің
екінші
толқыны,
структурализмді
сынаумен
байланысты
және
оның
алдыңғы
шектеушіліктерінен арылуға бағытталған ағым. Оның
өкілдері: Ж.Деррида,
Ж.Делез, Ж.Бодрийар, Ж.Лиотар, Ю.Кристева, М.Фуко т.б. Басты
міндеттерінің бірі: логоорталықтық метафизиканы сынау және мәдениеттегі
тіл билігін және билік тілін айқындау.
ПРАГМАТИЗМ — (грекш. «прагма» - іс-әрекет дегенді білдіреді). Бұл
философияның бір бағыты ретінде XIXғ. 70-жылдары АҚШ-та пайда
болды. Прагматизм абстракті ақиқатты, ұғымдардың танымдық рөлін
терістеді, ұғымның орнына белгілерді қарастыруды ұсынды.
Ұғым тек
субьектке ғана қатысты болып, оның мағынасы нақты практикалық
салдардың (пайдалы, тиімділік) нәтижесі болып табылады. Прагматизмнің
негізін
алғашқы прагматизм өкілдері, американ философтары –
Чарлз
Сандерс Пирс (1839-1914) пен Уильям Джемс (1842-1910) салды.
Соңғы
прагматизм өкілдері – Джордж Герберт Мид (1863-1931) пен Джон Дьюи
(1859-1952) болып саналады.
ПРАКТИКА (грекш. – іс, қызмет, әрекет) —
классикалық неміс
философиясы мен марксизмде елеулі маңызға ие болған категория.
ПРАКТИКИ — санкхьялық ұғым бойынша, мәңгі әрекеттегі және
құбылмалы энергия.
ПРАКРИТАЛАР («табиғи», «халықтық») —
джайнистер мен буддистер
еңбектерінде әдеби өңделген ауызша ортаиндиялық тілдер.
Достарыңызбен бөлісу: