№
КЕЗЕҢДЕРІ
УАҚЫТЫ
1
ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ
VІІ - ІХ ғ.ғ.
2
ШАРЫҚТАУ КЕЗЕҢІ
Х - ХІІ ғ.ғ.
3
ҚҰЛДЫРАУ КЕЗЕҢІ
ХІІІ - ХІХ ғ.ғ.
4
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУ КЕЗЕҢІ
ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ.ғ.
80
47 - кесте
ИСЛАМДАҒЫ НЕГІЗГІ ДІНИ АҒЫМДАР
МЕН ТАНЫМДЫҚ ДӘСТҮРЛЕР
__________________________________________________________________________
ИСЛАМ
ТАНЫМНЫҢ НЕГІЗГІ ДӘСТҮРЛЕРІ
НЕГІЗГІ ДІНИ АҒЫМДАР
Ортодоксальді Ахмад Ханбал
құдай сөзі
әл-Ғазали
Рациональдік
әл-Фараби,
философия
әл-Кинди,
(фәлсафа)
ибн-Сина,
ибн Рушд
Мистикалық әл-Мисри,
философия
әл-Мухасиби,
(суфизм)
Джунайд,
әбу Заид,
Сухраварди, ибн Араби
және т.б.
ШИИЗМ
СУННИЗМ
СУФИЗМ
Діни сезім
Ой
Талдау,
Интуиция,
Ой
81
48 - кесте
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ БАСТЫ ҰҒЫМДАР
ҰҒЫМДАРЫ
ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІ
АДЛ
«әділеттілік» – адам өз тәрбиесінде осы қасиетті
ұстануы тиіс;
АДАП
оқыту, көңіл көтеру дегенді білдіреді;
АКЛ
зерде, рационалдылық;
АЛЛА
ислам дінінде бүкіл әлемді, адамзатты барлық
тіршілік иелерін жаратушы, барлығы оның
әмірімен болады, бүкіл болмыстың түп-тірегі;
ЖАУХАР
әл-жаухар – діни субстанция, мән;
ИСЛАМ
әл-ислам – Құдайға, оның еркіне мойынұсыну;
ШАРИҒАТ
Құранда негізделген мұсылмандардың өмірлік
нормалары мен принциптер жүйесі немесе
мұсылмандық өмір сүру қағидасы;
СОПЫЛЫҚ
мистиктер киетін жүн, жүн киім сөзінен,
мысалы, «суффа» – тас, суфа – дұға оқитын
жоғарғы орын, «тазалық» сөзінен шыққан
кедейлікпен (факр) және тақуалықпен (зухд)
байланыстырушы құбылыс ретінде көрінетін
Құдайды мистикалық тұрғыдан тану;
82
49 - кесте
ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ БАСТЫ БАҒЫТТАР
1
ШЫҒЫСТЫҚ
ПЕРИПАТЕТИЗМ
немесе аристотелизм; Араб философтары
Аристотель мұрасын терең зерттеп, оған
түсініктемелер берген, ІХ-ХІғ.ғ. шығыстық
перипатетизм Мұсылман немесе Ислам
ренессансы кезеңімен тұс келді. Бұл кезеңде
араб әдебиеті, мәдениеті, ғылымы шарықтап
дамыды .
2
«ТАЗАЛЫҚ
АҒАЙЫНДАРЫ»
Х-ғ. пайда болған құпия ғылыми қоғам.
Олардың ілімінің негізі синкретизм болды,
яғни Аристотель ілімінің, медицинада
Галеннің ілімі, діни мәселелерде
неоплатонизм, неопифагоризмнің синтезі
қалыптасты. Олардың көзқарастарында діни
мүдделерге қарағанда ғылыми,
философиялық ілім басым болды.
3
КАЛАМ
Мұсылмандық теологиялық философия, яғни
мұсылмандық схоластика. Бұл философияның
құрамында мұтакәлімдер, мұтазалиттер,
ашариттер, исмаилшылдар, хариджидтер,
кадариттер, жәбіриттер, мүріджиттер және
т.б. болды.
4
СУФИЗМ
Жекелік мистикалық-діни аскеттік бағыттағы
адамды жан-жақты жетілдіру ілімі. Эзотеризм
басым, эсхатологиялық көңіл-күй, байлыққа
да, кедейлікке де немқұрайды қарау,
әлеуметтік белсенділіктен бас тарту.
83
50 - кесте
СУФИЗМ ФИЛОСОФИЯСЫ
БІРІНШІ КЕЗЕҢІ
ЕКІНШІ КЕЗЕҢІ
ҮШІНШІ КЕЗЕҢІ
ШАРИҒАТ
Мұсылмандық өмір
сүру қағидасы, оның
нақты көрінісі фикх
– мұсылмандық
құқық,
мұсылмандық
юриспруденция
ТАРИҚАТ
«
жол», «бағыт»
дегенді білдіреді,
адамның моральдық-
психологиялық
өзіндік жетілуі.
Бұның көптеген
жолдары, тоқталу
түйіндері бар.
ХАҚИҚАТ
Құдайлық болмыс,
суфизм
философиясы мен
психологиясының ең
жоғарғы мақсаты
СУФИЗМ
ӨКІЛДЕРІ:
әл-Мұхасиби (781-857), әл-Мисри (786-861), әл-Бистами (875ж.
қайтыс болған) , әл-Халладж (858-922), әл-Ғазали (1058-1111),
ибн әл-Араби (1165-1240) және т.б.
84
51 - кесте
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫНДАҒЫ
ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУ КЕЗЕҢІ (ХІХ ғ. аяғы – ХХ ғ.ғ)
Жамал-ад-Дин әл-Афгани (1839 - 1897)
Мұхаммед Абдо (1849 - 1905)
Джебран Халиль Джебран (1883 - 1931)
Мұхаммед Икбал (1877 - 1938)
Шариф Мухаммад Маян ( ? - 1965)
Әбул-Ала Аффифи (1897 - 1966)
Шари-ати Али (1933 - 1977)
Маудуди Әбул-Ала (1903 - 1979)
Фазлур Рахман (1919 - 1988)
Ибрахим Мадхур ( ? - 1995)
Мұхаммед Хамидуллах (1908 - 2002)
Хосейин Наср Сейид (1933) және т.б.
ҚАЗІРГІ ИСЛАМ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ
ІРІ ӨКІЛДЕРІ
85
Қосымша сұрақтар:
Арабтілді мұсылман философиясындағы негізгі ағымдар.
Мұсылмандық Шығыстың ең ерекше сипатты белгілері.
Неге Құран философия пайда болуының басты қайнар көзі деп
есептеледі?
Адамның рухани ойының дамуына ықпал еткен Құранның этикалық
идеяларын атаңыздар.
Араб тілінен аударғанда «Кәләм» сөзі баян деген ұғымды білдіреді. Бұл
ілімнің Құдайдың Сөзімен арақатынасы қандай?
Кәламның өкілдерін атаңыздар.
Мутазилиттер деген кімдер?
«Ашаридің кәсібіндей түсініксіз» деген тіркесті қалай түсінесіз?
Неге Мұсылмандық Ортағасырлардағы ең басты мәселе қандай да бір
іс-қимылды таңдаудағы адамның ерік-еркіндігі туралы сұрақ болды?
Әл-Ашаридің басты туындысын атаңыз.
Фәлсафа қалыптасуында антикалық философиялық деректер қандай
рөл атқарды?
Мұсылмандық ортағасырлық философияны тек антикалық ойдың
түсініктемесі ғана деп есептеуге бола ма?
Кімді арабтардың бас философы деп атады?
Әл-Фараби философиясы неліктен әмбебап және энциклопедиялық
болып есептеледі?
Әл-Фарабидің басты трактаттарын атаңдар?
Әл-Фараби неліктен кемеліне келген адам болу үшін ғылымдарды
зерттеу қажет деп есептеді?
«Ізгілікті қала тұрғындарының көзқарастары туралы трактатта» әл-
Фарабидің қандай негізгі идеялары айтылады?
Әл-Фараби сенім мен зерде проблемасын қалай шешті?
Әл-Фараби музыканы неліктен математикалық ғылымдарға
жатқызады?
Әл-Фарабиді «Екінші-Ұстаз» деп атайды, неліктен?
«Білім кітабы» мен «Емдеу кітабының» авторын атаңдар.
«Философтардың жоққа шығаруы» кітабының авторлығы кімге
тиесілі? Бұл жұмыс кімге қарсы бағытталған?
Ибн-Халдун «асабийа» ұстанымын қалай түсіндіреді?
Ибн Халдун неліктен тарих пен әлеуметтанудың атасы болып
есептеледі?
Ибн Халдунның басты шығармасын атаңдар.
Ибн Халдун экономикалық теориясының қандай ережелері заманауи
экономикаға релевантты?
Ибн Туфайльдің негізгі философиялық еңбегін атаңдар?
86
Әл-Фарабидің шығармашылығы неліктен фәлсафаның шыңы болып
есептеледі?
Ибн Рушдты «Түсіндіруші» деп атайды, неліктен?
Ибн Рушдты (Аверроэсты) кім бірінші рет Түсіндіруші деп атады?
Н.Бор: «Мұсылмандық философияға Ибн Рушд арқылы Аристотель
философиясын түсінуге қол жеткізудің сәті түскендей болды, бұған қол
жеткізгеннен кейін ол өліп қалды» дегенді айтқанда нені меңзеді?
Ибн Баджжа жалғыздықты адам өмірінің бірден бір мүмкін болатын
тәсілі деп есептеді, бұл дұрыс па?
Ибн Халдунның әлеуметтік-этикалық философиясы.
Араб тілді философияның ортағасырлық батыс философиясына
тигізген әсері.
Омар Хайямның ғылыми-философиялық көзқарасы.
Әл-Фарабидің философиялық трактаттары.
Сопылықты неге жүректің діні деп атайды?
Сопылықтың негізгі өкілдерін атап шығыңыз.
«Сопылық» сөзі қалай аударылады?
«Диуани Хикмет» шығармасының авторы кім?
Сопы өзінің Құдайға барар жолында (тарикат) қандай баспалдақтардан
өтеді?
Исламдық теолог-сопы Әбу Хамид әл-Ғазали білім процесінде адам
жетіле түседі деген. Неге әл-Ғазалидің жетілу мен адамгершілік
ұғымдары мәндері жағынан ұқсас?
Сопылықтың белгілі өкілдерін атаңыз?
Сопылық жол – тарикат - білім беру процесінде Ұстаздың болуын
қалайды. Сопылықтағы Ұстаз институты мен қазіргі
Университеттердегі Ұстаз институтының қандай айырмашылығы бар?
Ұстаз-Шәкірт арақатынасы Шығыста өте маңызды, егер компьютерлік
технологияның күшімен: Интернет құралдарымен, мұғалімсіз оқуға
болатын болса ол не үшін керек?
Әл-инсан-әл-камил – толық адам, ал а ашкала-ль-инсан-ашкала –адамға
проблема болған адам. Бұл екеуі де Мұсылмандық Ортағасырда пайда
болған, бұлар адам мәселесі ретінде білім беру мағынасында нені
білдіреді? Қазіргі мұсылман философиясындағы негізгі бағыттарды
атаңыз?
Мұсылман модернизмі алдында қандай міндеттер тұр?
Мұсылман модернизмі өкілдерін атаңыз?
Қазіргі мұсылман философиясын адамгершілік философиясы деуге
бола ма? Болса, онда неліктен?
«Құранды түсіндіру» кітабының авторлары кімдер?
А.Бадави философиясындағы экзистенциалдарды атаңыз.
Қазіргі жағдайдағы сұхбат өзара түсіністікке әкеледі деп есептейсіз бе?
87
Мұсылман модернизмі, мұсылман персонализмі, сұхбаттық
философияның қайсысына мына үзіндіні жатқызуға болады: «Біз
бірдей ойлай алмаймыз, кейбір нәрселерді әртүрлі түсінеміз.
Сондықтан, көптеген сұрақтарда келісімге келгендіктен, бізде ортақ
нәрсе көп болғандықтан біз арамыздағы келіспеушілікті азайтып,
олардың дамуын кемеліне жеткізейік»?
С.Х.Насыр неге дін мен ғылым синтезі адамзаттың прогрессивті
дамуына әсер етеді деп есептейді? Бұған келісесіз бе? Өз сөзіңізбен
дәлелдеңіз.
Қандай философиялық шарада мұсылман философиясының
реконструкциялық немесе деконструкциялық іргелі ережелерін талқыға
салу қажет? Екі жағдайда да не ұтамыз?
Достарыңызбен бөлісу: |