1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет92/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

 
ВИНДЕЛЬБАНД, Вильгельм Виндельбанд (1848–1915) — 
немістен шыққан философ-идеалист, неокантиандықтың 
баден мектебінің басшысы. Ол ғылымдарды пән жағынан 
емес («Табиғат туралы ғылым» және «Рух туралы ғылым»), 
метод жағынан бөліп қарастырды. Құндылық пен 
шындықтың дуализімін ол адам қызметінің қажетті шарты 
деп түсіндіреді, мақсаты құндылықтардың жүзеге асуы. 
Шығармалары: «Ежелгі философия тарихы», «Жаңа 
философия тарихы , т.б.
 
ВИНЧИ, Леонардо ди сер Пьеро да Винчи (1452–1519) — 
ұлы итальян суретшісі (мүсінші, сәулетші), гидротехник, 
мелиоратор, механик, геолог, палеонтолог, ботаник, оптик 
және ғалым (анатом, математик, физик, сынақшы), Жоғарғы 
Қайта Жаңғыру кезеңіндегі ірі өнер қайраткерлерінің бірі,
итальяндық Ренессанс кезеңіндегі идеал. Тәжірбиелік, 
эксперименталды әдісті қолданды. Шығармалары: «Құдай-
қажеттілік кепілі», «Адам - табиғаттың ұлы құралы», т.б. 
Оның философиясы беделділіктің әсерінен бас тартып, тәжірибиеге, адамның 
ақыл-ойының күшіне сену негізінде табиғаттың бірлігін, адамзат 
мәдениетінің өміршеңдігін дәріптеумен ерекшеленеді.


272 
 
ВИТГЕНШТЕЙН, Людвиг Йозеф Иоганн Витгенштейн 
(1889–1951) — австриялық-ағылшын философы, логик, 
математик, 
аналитикалық 
 
философияның 
негізін 
қалаушылардың бірі және XXғ. атақты ойшылдардың бірегейі. 
Шығармалары: «Философиялық зерттеулер», «Логикалық-
философиялық трактат», «Шүбәсіздік жөнінде», «Мәдениет 
және құндылық» және т.б. Оның пікірінше, тілді қолдану мен 
тілдің өзі белгілі бір тұтастықты құрайтын әр түрлі нақты 
лингвистикалық контексттерді талдау қажет. Әрбір зерттелетін құбылыс 
тілдік ойынның белгілі бір ұғымдарымен сипатталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет