1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет91/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

ВЕЗАЛИЙ, Андреас Везалий (1514–1564) — дәрігер, 
морфологияның, оның ішінде анатомия ғылымының (Адам 
денесінің құрылымы туралы) негізін қалаған «Қайта өрлеу» 
дәуірінің майталман табиғаттану зерттеушісі, Падуан 
университетінің 
профессоры, 
анатомиялық 
әдістерді 
пайдаланып, 
адам 
организмін 
алғашқы 
зерттеген 
ғалымдардың бірі. Карл-V, кейіннен Филипп-II лейб-дәрігері. 
Ол адам организмі мүшелері мен мүшелер жүйелерінің құрылысын жете 
зерттеп, «Адам денесінің құрылысы туралы» 7-томдық еңбек жазған (1543). 
Өз зерттеулері негізінде К.Галеннің қалыптасқан көзқарастарына түбегейлі 
өзгерістер енгізді. 


271 
ВЕРНАДСКИЙ, Владимир Иванович Вернадский (1863–
1945) — орыс-совет ғалымы, ойшыл-космист және қоғам 
қайраткері. Биосфера және Ноосфера сферасы теорияларын 
әрі қарай дамытушы. Геохимия, биогеохимия, радиогеология, 
гидрогеология және т.б. Жер туралы ғылымдардың негізін 
қалаушы. Петербор университетіндегі физика-математика 
факультетінің жаратылыстану бөлімін тәмамдаған (1881—
1885), атақты Бекетов, Бутлеров, Менделеев, Сеченов сияқты 
ғалымдардың шәкірті. Шығармалары: «О научном мировоззрении», 1903; 
«Очерки по истории естествознания в России в XVIII столетии», «Академия 
наук в первое столетие своей истории», «Химический состав живого 
вещества», 1922; «Начало и вечность жизни», 1922), «Биосфера», 1926; және 
т.б.
ВИКО, 
Джамбаттиста 
Вико 
(1668–1744) 
— 
Ағартушылық кезеңіндегі итальяндық ірі философтарының 
бірі, тарих философиясын әрі халықтар психологиясын 
жасаушы, заңгер, сондай-ақ мәдени антропология мен 
этнологияның негізін салушы.
Шығармалары: «Об изучении 
методов нашего времени», «О древней мудрости итальянцев» 
және «Основания новой науки об общей природе наций» 
сияқты саяси ойлар жазды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет