ГЕЛЬВЕЦИЙ,Клод Адриан Гельвеций (1715–1771) —
француз
әдебиеттанушысы,
утилитарлық
бағыттағы
материалист-философ; Ағартушылық кезеңіндегі француз
буржуазиясының идеологы. Материализм және сенсуализм
өкілі. Шығармалары: «Ақыл туралы», «Адам, оның ойлау
қабілеті мен тәрбиесі жөнінде». Гелвеций ақыл табиғаттың
берген сыйы емес, тәрбиенің нәтижесі деп түсіндірді.
Адамның мінез-құлқы туа бітпейді, ол өмір сүру барысында қалыптасады деп жазды.
ГЕРАКЛИТ,Гераклит Эфесский (б.д.д.544–483ж.ж.) —
Милет мектебіндегі философиялық дәстүрді дамытушы, саяси
қайраткер, философ, ғұлама ойшыл. Оны ілімдегі терең
ойлары үшін «Тұңғиық» деп атаған. Шығармасы: «Табиғат
туралы». Алғаш рет диалектиканың тарихи немесе алғашқы
бастамалық формасының негізін қалаушы. Ол заттардың
түпнегіздік генетикалық бастамасын – Отдеп есептеген.
Бірақ сезім үшін – От сияқты болып көрінсе, ақыл-ой үшін ол – Логос,
обьективті заңдылық. Қарама-қарсы құбылыстар тек жан логикасына ғана
тән емес, ол жалпы ғарыштық құбылыс. Ол барлық денелер өзен сияқты ағып
жатады, ал бір өзенге екі рет түсуге болмайды деген қорытынды жасайды.
ГЕРДЕР,Иоганн Готфрид Гердер (1744–1803) — неміс
философы, ағартушы, жазушы және әдебиеттанушы, мәдениет
теоретигі. Ол адамзат тарихындағы ең түбегейлі органикалық
негізде өлі және тірі табиғат эволюциясы нәтижесінде адам
мен қоғамның қалыптасуы жөніндегі теорияны ұсынды.
Шығармалары: «Исследование о происхождении языка»,
«Еще один опыт философии истории для воспитания
275
человечества», «Идеи к философии истории человечества», «Письма для
поощрения гуманности» және т.б.