1 Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет99/236
Дата25.09.2022
өлшемі6,3 Mb.
#40212
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   236
Байланысты:
1 - filosofiya keste t r nde (1)

ДЕКАРТ, Рене Декарт (1596–1650) — француз математигі, 
философ, физик және физиолог, аналитикалық геометрия 
және қазіргі заманғы алгебралық рәміз-символикаларды 
құрастырушы, философиядағы радикалдық күмәндану 
әдісінің, 
физикадағы 
механицизмнің, 
предтеча 
рефлексологиядағы ағымның авторы. Шығармалары: 
«Ақыл-парасатты басшылыққа алу ережелері», «Дүние 
туралы трактат», үш бөлімнен – «Диоптрика», «Метеорлар», 
«Геометриядан» тұратын «Метод туралы пайымдау», «Бірінші философия 
туралы ойлар», «Метафизикалық ойлар», «Философияның бастамалары», 
«Жанның құмарлықтары», т.б. Философия өз бастамасын «күмәндану» 
қағидасынан алады. Оның «Мен ойлаймынолай болса, өмір сүремін» деген 
қағидасы төмендегідей тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Ол танымның 
негізін обьективті шындықтан іздемейді, керісінше, таным процесінің өзінен 
табуға ұмтылады, екіншіден, бұл қағида оны мәнділіктің субстанциясы 
(түпнегізі) бар екенін мойындауға итермелейді. Таным процесінде ең басты 


278 
рөлді Декарт рационалдық (ақыл-ой) танымға береді де, ол арқылы адамдар 
сезімдік түйсіне алмайтын табиғаттың сыры мен мәнін ашуға мүмкіндік 
алады деп тұжырымдайды. 
ДЕМОКРИТ, Демокрит Абдерский (б.д.д.460–370ж.ж..) — 
көнегрек философы,
Левкипптің шәкірті, атомистиканың 
негізін қалаушылардың бірі. Диалектикалық-материалистік 
философияда материализмнің негізін қалаушы болып 
саналады. Шығармалары: «Пифагор», «Планеталар туралы», 
«Табиғат туралы», «Ақыл-ой туралы», «Үлкен әлем 
құрылысы», «Кіші әлем құрылысы», т.б. Оның ілімі бойынша, 
дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс) және бос 
кеңістік (бейболмыс). Болмыс пен бейболмыс бір-біріне қарама-қарсы 
құбылыстар. Егер болмыс өзіндік пішіні бар және ол өте тығыз 
болғандықтан, бөлшектенбейтін атомдардан тұратын болса, бейболмыс – 
өзіндік пішіні, түрі жоқ, шексіз бос кеңістіктерден тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   236




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет