ГУМИЛЕВ,Лев Николаевич Гумилев (1912–1992) — орыс
тарихшы-этнологы, географ, түркі халықтары мәдениетін
зерттеуші және этногенез пассионарлық теориясының авторы.
Ақындар
Н.Гумилев
пен
А.Ахматованың
ұлы.
Шығармалары: «Ежелгі түркілер» (1967), «Этногенез және
Жер биосферасы» (1979), «Ежелгі Русь және Ұлы Дала»
(1989), «Русьтен Ресейге дейін» (1992) және т.б.
ГУССЕРЛЬ,Эдмунд Густав Альбрехт Гуссерль (1859–
1938) — неміс философы, феноменологияның негізін
қалаушы. Шығармалары: «Картезиандық ой-тоғамдар»,
«Таза
феноменологияның
идеялары»
«Европалық
ғылымдардың дағдарысы» және т.б.Оның негізгі идеясы көптеген батыстық ойшылдарды, ең алдымен, Декартты
мазалап жүрген идея – философия мен ғылымның қас жауын,
зұлым әрі айлалы скептік пен релятивисті жеңу,
скептицизмнің шабуылына төтеп беретін мәдениеттің тұрақты және берік
негіздерін табу болатын. Бірақ бұл классикалық мәселені Гуссерль
бейклассикалық тәсілдермен шешеді. Ол батыстық философияның
классикалық қағидатынан, яғни психиканы санамен, ал сананы таныммен
барабар деуді жоққа шығарады (Онымен қатар дәл сондай қиратушы
жұмысты оған бейтаныс Зигмунд Фрейд жүргізеді, ол психикалық концепті
бейсаналық бөліктерді енгізу арқылы кеңейткен).
ГХОШ, Шри Ауробиндо Гхош (1872–1950) — үнділік
философ, ақын, революционер әрі Үндістанның ұлт-азаттық
қозғалысын ұйымдастырушы, йогин, гуру және интегралдық йоганың негізін салушы. Басты шығармасы: «Йога синтезі».
Басты идеясы: өмір - материя мен рухтың күресі. «Өмір
материямен ұдайы күрес жағдайында болады және ол күрес
өмірдің жеңілісімен аяқталып отырады. Араздық ақыл пайда
болғаннан бастап тереңдей түседі, себебі бұл араздық өмірмен
де, материямен де жауласады. Олардың тар шеңбері, түптеп келгенде,
ақылдың аздаған жеңісіне де әкеледі». Қарастырған мәселелері- адамның
рухани тазалығы, Пара-Брахманмен жақындасып, өзін-өзі жетілдіруі.