Аманжол рысмендиев табыстарға жетудің 7 ҚҰпиясы



Pdf көрінісі
бет22/26
Дата26.09.2022
өлшемі0,54 Mb.
#40257
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
 
«Жұмсақ ағаш құртқа жем, 
Жұмсақ адам жұртқа жем». 
Халық даналығы. 
 
 
 
 
«Жоқ!» деп айтып үйрен! 
Кӛп адамның тҥбіне кӛңілшектік жетуде. Яғни олар ӛзгелердің 
кӛңілін қалдырғысы келмейді. «Жоқ» деп, яғни уақытым жоқ, 
мҥмкіндігім жоқ деп айта алмайды. Яғни ӛз миссиясын ӛзгелердікінен 


тӛмен қояды. Бір жерге шақырса, уақыты болмай тҧрса да бар тірлігін 
ысырып тастап бара салады, ӛзінде артық ақша болмаса да ӛзге біреу 
сҧрап келсе соңғы тиынын санап бере салады дегендей... 
Ондай адамдар «Жарайды», «Кӛрейін» деп ӛзге біреулерді 
ҥміттендіріп бір рет зиянын тигізсе, «Қап, уәде беріп едім, енді оны 
қалай орындасам екен», -- деп ӛз-ӛзімізді қажытып, тағы бір зиянға 
кенелеміз. Сондықтан «Жоқ!» деп айтып ҥйрену керек. 
Ал енді не нәрсеге «Жоқ!» деу керек? Осыны айтайын. 
* Теледидарға «Жоқ!» деп айту керек. Ӛйткені теледидар 
кӛшбасшылар ҥшін кӛруге емес, ӛзін кӛрсету ҥшін жасалынған дҥние. 
Осылай қабылдау керек. 
* Ғаламторға да «Жоқ!» деп айтып ҥйреніңіз. Себебі ол -- 
адамның алтын уақытын ҧрлайды. Таяуда мен мектеп бітіруші 
тҥлектер арасында бірнеше мәрте «Ҧтылмайық, ҧтайық!» деп семинар 
ӛткіздім. Сонда арнайы зерттеу жҥргізіп кӛрдім, тҥнгі сағат 3-те 
«Вконтакте» желісінде 7346 қазақ бір-бірімен хат-хабар алмасып, 
пайдасы аз дҥниелерді тамашалап отырған. Яғни олар әлсіздіктерінің 
кесірінен ғаламторға телміріп қарап отыр. Ал әлсіздік деген не? Ол – 
мақсаттың болмауы. 
* Сізге пайдасы жоқ, керісінше бар ойыңызды жаулап алатын іс-
шараларға «Жоқ!» деп айтқан жӛн. Яғни ырду-дырдуы кӛп сауық 
кештеріне, туған-туыс, қҧда-жекжаттың той-томалағына алтын 
уақытыңызды сарп етпеңіз. Бармаңыз демеймін, егер ет-жақын 
туысыңыз той жасап жатса барыңыз, бірақ белгілі бір уақытта сыпайы 
тҥрде алғысыңызды айтып, тоянаңызды беріп, қайтып кетіңіз. Себебі у-
шу орта адам миына кері әсер етеді, бірте-бірте дамуын тежейді. 
Сіздің миыңыздағы жоба, алға қойған мақсат – қазанда қайнап жатқан 
етке ҧқсайды. Ет бабында пісу ҥшін оты қандай болуы керек? Әрине, 
баяу, бірқалыпты болғаны жӛн, бірде қатты, бірде жай жанған отта 
піскен еттің дәмі де сапасы да нашарлайды емес пе? Идея да сондай. 
Ойдағы идеяны жҥзеге асыру ҥшін адамға ми тыныштығы керек. 
Бҧл әдеттерге «Жоқ!» дей отырып, сіз есесіне кітап оқуға 
әдеттеніңіз. Қарасаңыз, қазіргі жастар қиялға, ӛз бетінше бірдеңені 
ойлап табуға жҧтаң. Неге? Ӛйткені кітап оқымайды. Егер сол адам 
кітап оқыса ӛз ойын қиялдау арқылы дамыта алатын қасиетке ие 
болар еді. Кітап оқымаған адамның миы дамымайды. Сондықтан 
интернетті, теледидарды кітап оқуға алмастырған жӛн. Менің ҧл сӛзіме 
кей жастар: «ВКонтакте» желісінде де пайдалы, ой салатын 
афоризмдер бар ғой. Біз соларды оқып жатырмыз», -- деп уәж айтуы 


мҥмкін. Бірақ тағы да қайталап айтамын, ондағы дҥние кітаптың орнын 
алмастыра алмайды. Яғни кітап беретін білімді ғаламтор бере 
алмайды. 
Музыка тыңдауды аудиокітаптар тыңдауға алмастырыңыз. 
Мәселен, мен кӛлігімде аудиокітаптар тыңдаймын. Ол арқылы уақыт 
ҥнемдеймін, ӛзге бір тҥк пайдасы жоқ әндерден гӛрі миыма пайдалы 
ақпарат дарытамын. 
Жалт-жҧлт еткен кӛйлектерді, асыл тасты әшекейлерді тағып 
алып бай болып кӛріну бір бӛлек те, шын мәнісінде бай болу бір бӛлек. 
Ӛкінішке қарай, қазір адамдар сыртқы келбетімен бай боп кӛрінуге 
дағдыланып, шебер болып алған. Яғни кредитке кӛлік алып алады, 
ҥйін жиһазға толтырады. Қарызға барып киім-кешек киіп алады да, бай 
болып кӛрініп жҥреді. Бірақ «иттен сҥйек қарыз». 
Иә, бәріміз де кӛштен қалғымыз келмейді, дос-жарандармен бір 
уақыт кӛңіл кӛтеріп, барлық проблеманы ҧмытқымыз келеді. Бірақ 
біраз уақытқа болса да ондай ойын-сауыққа «Жоқ!» деу керек. Себебі 
біздің алдымызға қойған мақсатымыз маңызды. 
Адамның миының энергиясы – кҥннің сәулесі секілді, яғни ол 
жан-жағына шашырайтын болса еш жерден ӛрт шығармайды. Ал 
кҥннің сәулесін лупа арқылы бір бағытқа бағыттасақ, ӛртеуі мҥмкін 
емес пе? Сондықтан мақсатыңызға жеткіңіз келсе кей нәрселерге 
«Жоқ!» деп айтып ҥйреніңіз! Аптасына бірнеше мәрте қаражат 
шығындап әр жерге бір барғанша, сол ақшаны жинап жылына бір 
мәрте шетелге немесе табиғат аясына барып демалып келгеннің 
пайдасы зор. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет