106 2-тарау. Клетка химиясы мен биоэнергетикаcы
Ферменттердің арнайы тобы АТФ-пен тотықсыздану күшін пайдалана отырып, суль-
фаттың ассимиляциясы жолын қалыптастырады. Адамдар
мен басқа да жануарлар
сульфатты
тотықсыздандыра алмайды, сондықтан олар
қажетті сульфидтерді тағам
және азықпен бірге қабылдайды.
Метаболизм өте жоғары деңгейде ұйымдасқан және қатаң түрде реттеліп
отырады
Біреулер гликолиз бен лимон қышқылы циклының басқа
метаболиттік жолдармен
(
2.63-сурет
) байланысынан клетканың химиялық машина ретінде өте қүрделі екендігін
түсінеді. Осы бөлімде адам клеткасының кейбір ферменттік жолдары талқыланады.
Метаболиттік реакцяилардың барлығы диаметрі 0,1 мм болатын клетка ішінде жүреді
және әрқайсысы әртүрлі ферментті қажет етеді. 2.63-суретте
кейбір молекулалардың
бірнеше метаболиттік жолдарға қатыса алатындығы көрсетілген. Мысалы, пируват көп-
теген ферменттердің субстраты болады және әр фермент пируватты әртүрлі күйге дейін
модификациялайды. Бір фермент
пируватты ацетил-КоА-ға,
екіншісі оксалоацетатқа;
үшіншісі пируватты
аланин амин қышқылына, ал төртіншісі лактатқа айналдырады.
Аталған метаболиттік жолдар пируват үшін бесекелеседі және осы жағдай мыңдаған
кіші молекулалар үшін де іске асады.
Достарыңызбен бөлісу: