КЛЕТКАЛАР ТАҒАМНАН ЭНЕРГИЯНЫ ҚАЛАЙ АЛАДЫ?
105
маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Азот пен күкірт атомдары қосылыстан қо-
сылысқа және организмдер мен қоршаған орта арасындағы қайтымды циклдар бойымен
алмасып отырады.
Молекулалық азот Жер атмосферасында көп болғанымен, ол газ түрінде белсенді
емес. Тек бірнеше тірі организмдер ғана молекулалық азотты,
азот фиксациясы атты
процесс көмегімен, органикалық молекулаларға қоса алады. Азот фиксациясы кейбір
микроорганизмдерде және найзағай түсу кезінде орын алады. Азот биосфера үшін
маңызды, себебі азотсыз тіршілік мүмкін емес. Қазіргі
таңдағы тірі организмдер де-
несіндегі азоттың тек аздаған бөлігі ғана атмосфералық
азоттың фиксациялануынан
пайда болған. Органикалық азоттың көп бөлігі, ұзақ уақыт бойы жалғасып келе жатқан,
организмдер арасындағы айналымда жүреді.
Омыртқалылар өзінің барлық азотын тек қоректік
заттар құрамындағы белоктар
мен амин қышқылдарынан қабылдайды деуге болады. Денеде осы макромолекулалар
амин қышқылдары мен нуклеотидтерге ыдырайды да, олардың құрамындағы азот мо-
лекуласы жаңа белоктар мен нуклеин қышқылдарының биосинтезінде қолданылады.
Белок құрамында табылған 20
амин қышқылының, шамамен,
жартысы алмаспайтын
(
2.62-сурет
) болып келеді. Басқаша айтқанда, омыртқалылар осы амин қышқылдарын
синтездей алмайды және оларды тек тағамнан ала алады. Басқа амин қышқылдары көп-
теген қосылыстардан, соның ішінде лимон қышқылы циклының аралық өнімдерінен
синтезделе алады. Алмаспайтын амин қышқылдарын өсімдіктер мен басқа да кейбір
организмдер, омыртқалылар эволюциясы барысында жоғалған ұзақ әрі энергияны көп
қажет ететін метаболиттік жолмен синтездейді.
Достарыңызбен бөлісу: