Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том


-сурет.  Полипептидтік тізбектегі байланыс бұрышының кеңістіктегі шектеулері. (A)



Pdf көрінісі
бет126/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

3.3-сурет
Полипептидтік тізбектегі байланыс бұрышының кеңістіктегі шектеулері. (A) Әр амин 
қышқылы тізбек қаңқасымен үш байланыс (қызыл) көмегімен байланысады. Пептидтік байланыс (сұр 
таңба) жазық болады және айналуды шектемейді. Керісінше, айналу процесі айналу бұрышы пси (ψ) 
деп аталатын Сα-С байланысы және айналу бұрышы фи (φ) деп аталатын N-Сα байланысында бола 
алады. R тобы әдетте амин қышқылдық жанама тізбекті белгілеу үшін қолданылады (күлгін дөңге-
лектер). (Ә) Белоктағы негізгі тізбек атомдарының конформациясы әр амин қышқылындағы φ және 
ψ жұбының бұрыштарымен анықталады; әр амин қышқылындағы атомдардың кеңістіктік соқтығы-
старынан φ және ψ мүмкін болатын жұптарының басым бөлігі орын алмайды. Осы Раманчандран 
графигінде әр нүкте белоктағы зерттелетін бұрышты көрсетеді. Үш әртүрлі таңбаланған нүктелер кла-
стерлері белоктарда қайталмалы түрде кездесетін үш әртүрлі «екінші ретті құрылымды» анықтайды 
(Ә, J. Richardson, Adv. Prot. Chem.34:174-175, 1981 көзінен ©Academic Press рұқсатымен алынған).


134 3-тарау. Белоктар
Сонымен қатар, белок фолдингі оның бір бөлігі мен екіншісі арасында түзілетін әлсіз 
коваленттік емес байланыстар жиынтықтарының көптеген түрлерімен анықталады. 
Осы процеске полипетид қаңқасындағы атомдар мен бүйірлік тізбектердің атомдары 
қатысады. Мұнда әлсіз байланыстардың үш түрі кездеседі: сутектік байланыстар
электростатикалық тартылыс  және Ван дер Ваальс байланыстары. Жеке ковалент-
тік емес байланыстар қалыпты коваленттік байланыстардан 30-300 есе әлсіз болады. 
Бірақ параллельді түрде әрекет ететін коваленттік емес байланыстар полипептидтік 
тізбектің екі ауданын берік байланыстыра алады. Осындай жолмен түзілген коваленттік 
емес байланыстардың үлкен санының беріктігі фолдингке ұшыраған әр құрылымның 
тұрақтылығын анықтайды (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   122   123   124   125   126   127   128   129   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет