Molecular Biology of the cell клетканың молекулалық биологиясы Алтыншы басылым, І том



Pdf көрінісі
бет124/330
Дата27.09.2022
өлшемі52,26 Mb.
#40449
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   330
Байланысты:
alberts-kletkanyn-molekulalyk-1-tom-comp (1)

114


115
2.2-ПАНЕЛЬ: Су және оның биологиялық молекулалар әрекетіне әсері


116


117
2.3-ПАНЕЛЬ: Макромолекулаларды бірге ұстайтын әлсіз ковалентті емес 
байланыстардың негізгі түрлері


118


119
2.4-ПАНЕЛЬ: Клеткаларда жиі кездесетін қанттар түрлерінің сызбанұсқасы


120


121
2.5-ПАНЕЛЬ: Майлы қышқылдар және басқа липидтер


122


123
2.6-ПАНЕЛЬ: Нуклеотидтер көрінісі


124


125
2.7-ПАНЕЛЬ: Бос энергия мен биологиялық реакциялар


126


127
2.8-ПАНЕЛЬ: Гликолиздің 10 қадамының сипаттамасы


128


129
2.9-ПАНЕЛЬ: Толық лимон қышқылының циклы


130


131
БЕЛОКТАР
3-
тарау
ОСЫ ТАРАУДА
БЕЛОКТАРДЫҢ ПІШІНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
БЕЛОКТАР ФУНКЦИЯСЫ
Клетканы микроскоп көмегімен қарағанда немесе оның электрлік немесе биохимия- 
лық белсенділігін талдағанда біз, негізінде, белоктарды көреміз. Олар клетканың құрғақ 
массасының басым бөлігін құрайды. Белоктар тек клетканың құрамдас бөліктері ғана 
болып қоймайды: олар клетканың негізгі функцияларын атқарушы қосылыстар болып 
табылады. Белоктар тобына жататын ферменттер клетканың көптеген химиялық реак-
цияларының іске асуын қамтамасыз етеді. Плазматикалық мембрана құрамына кіретін 
белоктар клетка ішіне енетін және шығатын кіші молекулалардың ағысын реттейтін 
каналдар мен насостарды қалыптастырады. Басқа белоктар ақпаратты бір клеткадан 
екіншісіне тасымалдайды немесе плазматикалық мембранада ядроға бағытталатын сиг-
налдарды өткізетін сигналдық интегратор қызметін атқарады. Сонымен қатар, басқа-
лары жылжымалы бөлшектері бар кішкентай машиналар ретінде әрекет етеді: кинезин 
– органеллаларды цитоплазма ішінде жылжытады; топоизомераза – ДНҚ молекуласын 
тарқатады. Басқа маманданған белоктар антиденелердің, токсиндердің, гормондардың, 
антифриздік белоктардың, иілгіш талшықтардың, жіпшелердің немесе люминесценция 
көзі бола алады. Гендердің қалай жұмыс істейтінін, бұлшықеттердің қалай жиырыла-
тынын, жүйке клекталарының сигналдарды қалай өткізетінін, эмбриондардың қалай 
дамитынын немесе организмнің қалай жұмыс істейтінін түсіну үшін біз белоктарды 
терең зерттеуіміз қажет.
БЕЛОКТАРДЫҢ ПІШІНІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
Химиялық тұрғыдан қарағанда, белоктар – құрылымы және функционалдығы бойынша 
ең күрделі молекулалар. Бұл таңғажайып емес шығар, себебі әр белоктың құрылымы 
мен функциясы эволюциялық тарихта миллиардтаған жылдар бойы дами отырып, 
ерекшеленді. Популяциялық генетиктердің теориялық есептеулері бойынша кіші се-
лективті артықшылық кездейсоқ түрде өзгерген белок тізбегінің эволюциялық уақыт 
аралығында организмдер популяциясына таралуы үшін жеткілікті болады. Дегенмен, 
белоктардың айтарлықтай әмбебаптығы, көптеген мамандар үшін, осы күнге дейін аса 
таңғаларлық қасиет болып отыр.
Осы бөлімде біз белоктың үш кеңістіктік құрылымының қалыптасуындағы әр амин 
қышқылының орнын талқылаймыз. Тараудың соңында, белоктың атомдық деңгейдегі 


132 3-тарау. Белоктар
құрылымы туралы ақпарат көмегімен, әр белоктың құрылымы мен пішіні оның клетка-
дағы нақты функциясымен байланысты болатындығын қарастырамыз. 
Белоктың кеңістіктегі құрылымы оның тізбегіндегі амин қышқылдарымен 
анықталады
Организмнің ДНҚ-сымен кодталатын белоктардың құрамында химиялық қасиеттері 
әртүрлі болып келетін 20 амин қышқылы болады. Белок молекуласы осы амин қышқыл-
дарының ұзын тармақталмаған тізбегінен тұрады. Әр амин қышқылы бір-бірімен кова-
ленттік байланыс көмегімен жалғанады. Белоктарды полипептидтер деп атайды. Әр 
белок амин қышқылдарының қайталанбас тізбегінен құралады және клеткада белоктар-
дың көптеген түрлері кездеседі. 
Полипептидтік тізбектің ядросындағы атомдардың қайталамалы тізбегі полипептид 
қаңқасы деп аталады. Осындай қайталамалы тізбектің құрамына амин қышқылда-
рының пептидтік байланыстың қалыптасуына қатыспайтын аудандарыда кіреді және 
олар амин қышқылдарының қасиеттерін анықтайды: әртүрлі 20 амин қышқылдарының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   330




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет