1.2Е-сурет ).
1.2-сурет. ДНҚ мен оның бірліктері. (A) ДНҚ құрамында қантты-фосфатты молекуласына негіз деп
аталатын азоты бар жанама тобы байланысқан нуклеотид атты қарапайым суббірліктерден тұрады.
Негіздердің төрт түрі болады (аденин, гуанин, тимин және цитозин) және олар сәйкесінше А, Г, Т және
Ц әріптерімен белгіленеді. (Ә) Бір тізбекті ДНҚ молекуласы қантты-фосфатты байланыспен байла-
нысқан нуклеотидтерден тұрады. Жеке қантты-фосфатты бірліктер асимметриялық болады және тіз-
бектің қаңқасына бағыттылық пен полярлық қасиет береді. Осы бағыттылық ДНҚ молекуласындағы
ақпараттың клеткада оқылуы мен көшірілуін бағыттайды: ақпарат әрқашанда тұрақты ретпен «оқыла-
ды», Ағылшын тіліндегі мәтін сияқты солдан оңға қарай. (Б) Матрицалық полимеризация көмегімен
бар ДНҚ тізбегіндегі нуклеотидтер қатары жаңа синтезделетін ДНҚ тізбегінің құрамын анықтайды:
бір тізбектегі А екінші тізбектегі Т-мен, ал бір тізбектегі Г екінші тізбектегі Ц-мен жұптасады. Жаңа
тізбектегі нуклеотидтер ескі тізбектегі нуклеотидтерге комплементарлы болады және оның қаңқасы-
ның бағыттылығы қарама-қарсы келеді: ГТАА... тізбегіне сәйкес комплементарлы тізбекте ТТАЦ... ор-
наласады. (В) Қалыпты ДНҚ молекуласында комплементарлы тізбектердің екі тізбегі болады. Тізбек
ішіндегі нуклеотидтер бір-бірімен коваленттік байланыстармен байланысады; комплементарлы ну-
клеотидтер бір-бірімен сутектік байланытар көмегімен байланысады. (Г) Екі тізбек бірін-бірі айналады
және қос спираль түзеді – өзінің негізгі құрылымын өзгертпей отырып нуклеотидтердің кез-келген
тізбегін сыйдыра алатын берік құрылым (
4.1-бейнефильмді қара).
Жұп негіздері арасындағы байланыс қант-фосфатты қаңқа арасындағы байланысқа
қарағанда әлсіз келеді, сондықтан екі комплементарлы тізбектің ажырауы қант-фосфат-
ЖЕР БЕТІНДЕГІ БАРЛЫҚ КЛЕТКАЛАРДЫҢ ОРТАҚ ҚАСИЕТТЕРІ