194 3-тарау. Белоктар
3.67-сурет.
ГТФ-пен байланысқан күйіндегі Ras белогының
құрылымы. Осы мономерлік ГТФаза ГТФ-байлаынстырушы
белоктардың үлкен туыстастығында кездесетін ГТФ-бай-
ланыстырушы домен болып табылады. ГТФ молекуласы
ГДФ пен пен бейорганикалық фосфорға ыдыраған кезде
қызыл аудандар өзінің конформациясын өзгертеді; ГДФ
белокпен байланысып қалады, ал бейорганикалық фосфор
босатылады. Ras-қа қатысты болатын белоктардағы «свитч
спиралінің» арнайы рөлі мәтінде түсіндірілген (3.72-сурет
пен
15.7-бейнефильмді
қараңыз).
Ras белогы клетканың сигналдық жүйесінде
маңызды рөл атқарады. Оның ГТФ-пен байланысқан
түрі белсенді болады және клеткада ол белоктың фосфорлану реакциясын қоздырады.
Бірақ, уақыттың көпшілігінде белок инактивті күйде болады. Ол клетка сыртындағы
сигналдарға жауап ретінде құрамындағы ГДФ молекуласын ГТФ-ке алмастырған кезде
активтенеді.
GAP және GEF реттегіш белоктары ГТФ-байланыстырушы белоктардың
белсенділігін ГТФ немесе ГДФ-тің байланысқанына қарай анықтайды
ГТФ-байланыстырушы белоктар ГТФ немесе ГДФ-тің байланысқанын анықтайтын
реттегіш белоктармен реттеледі. Ras белогы
ГТФазаны активтеуші белокпен (
GTPase-
activating protein – GAP) тежеледі. GAP белогы Ras белогымен байланысқан кезде Ras
белогының құрамындағы ГТФ ГДФ-ке дейін гидролизденеді. Инактивті Ras белогы
гу-
анидин нуклеотидін алмастырушы фактормен (
guanidine nucleotide exchanging factor
– GEF) әрекеттескен кезде GEF белогы Ras-ГДФ кешенімен байланысады да, ГДФ-тің
босатылуын қоздырады. Нәтижесінде клеткада Ras белогы, клеткада көп мөлшерде
кездесетін ГТФ-пен байланысып, белсенді күйге ауысады (
3.68-сурет
).
Белоктарды оларға басқа белоктардың ковалентті байланысуы көмегімен
реттеуге болады
Клеткаларда көптеген белоктардың белсенділігі мен мақсатын анықтайтын кіші белок-
тар туыстастығы болады. Осы кіші белоктар нысана белоктармен коваленттік байланыс
түзеді. Осы жағдайда кіші белоктың карбоксильдік тобы «нысана» белоктың лизиндік
бүйір тізбегімен изопептидтік байланыс түзе отырып байланысады. Осындай белоктар-
дың қатарына ең алғашқы болып анықталған
убиквитинді жатқызуға болады (
Достарыңызбен бөлісу: